Отбасы банк жастарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысушылардың портретін құрастырды | Бұл жасы отыздағы, 260 мың теңгеге жуық жалақы алатын қазақстандық. Әдетте ол мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның – мектеп, емхана немесе мәдениет саласының қызметкері. Баспана мәселесін шешу үшін Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 15 млн теңге көлемінде несие алған. Бүгінгі күні Астана мен Алматы қалаларының жас тұрғындары қоныс тойын ең көп тойлап өткендер қатарында. Бұл аталған қалаларда жергілікті әкімдіктердің жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруға көбірек қаржы бөлуімен байланысты. Алайда өзге аймақтар да өздерінің жас тұрғындарын белсенді түрде қолдауда.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк жастарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысушылардың портретін құрастырды

Отбасы банк жастарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысушылардың портретін құрастырды

21 қыркүйек 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Бұл жасы отыздағы, 260 мың теңгеге жуық жалақы алатын қазақстандық. Әдетте ол мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның – мектеп, емхана немесе мәдениет саласының қызметкері. Баспана мәселесін шешу үшін Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 15 млн теңге көлемінде несие алған.

Бүгінгі күні Астана мен Алматы қалаларының жас тұрғындары қоныс тойын ең көп тойлап өткендер қатарында. Бұл аталған қалаларда жергілікті әкімдіктердің жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруға көбірек қаржы бөлуімен байланысты. Алайда өзге аймақтар да өздерінің жас тұрғындарын белсенді түрде қолдауда.

Біртіндеп, соңғы екі жылда, жастарға арналған бағдарламалар еліміздің барлық дерлік аймақтарын қамтыды.

Жуырда ғана Отбасы банк Қазақстанның екі облысы мен бір моноқаласында әкімдіктерімен жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасады.

Енді Қостанай және Павлодар облыстарындағы жас қазақстандықтар қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып ала алады.

Бұл өңірлердегі жастар бағдарламаларының жалпы бюджеті 2,9 млрд теңгеге тең. Осылайша, «Қостанай жастары» бағдарламасы бойынша облыстың жас тұрғындары 2,1 млрд теңге көлемінде қолжетімді заем ала алады, оның 1,05 млрд теңгесі әкімдіктің қаражаты болса, дәл сондай соманы Отбасы банк те бөліп отыр.

«Ертіс жастары» бағдарламасын жүзеге асыруға Павлодар қаласының әкімдігі 345,5 млн теңге бөлсе, осыншама қаражат Отбасы банк тарапынан да бөлінді. Бұдан бөлек бағдарлама Ақсу қаласында да іске қосылады, онда жергілікті әкімдік пен Отбасы банк әрқайсысы 54,5 млн теңгеден бөліп отыр.

Отбасы банк пен екі облыс әкімдіктері бірлесіп 160-180-ге жуық жас қазақстандықтың баспана мәселесін шешуге атсалысады деп күтілуде.

– Қазір Отбасы банкінде 2,6 млн салымшы болашақ баспаналарына ақша жинап жатыр. Ал олардың орташа жасы - 35, бұл маңызды жайт. Бұл дегеніміз, қазақстандық жастардың сеніміне қол жеткізе алдық деген сөз. Біз өз өнімдеріміз бен бағдарламаларымызды пайдалана отырып, олардың жеке баспана аламын деген армандарын жүзеге асыруға көмектесеміз. Тағы бір маңызды мәселе, жастарға арналған бағдарламалар өңірлерде қажетті мамандық иелерін: дәрігерлерді, мұғалімдерді, журналистерді, спортшыларды, мәдениет мамандарын, құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді аймақтардағы жұмыс орындарында сақтап қалуға және оларға қолдау көрсетуге көмектеседі. Жастарға арналған бағдарламалармен еліміздің барлық дерлік аймақтарын қамти алдық. Бұл бағдарламаларды жүзеге асырудың жалпы сомасы таң қалдырады – 98 млрд теңгеден астам», – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Қазір жастар бағдарламалары Астана, Алматы, Шымкент, Жетісу, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Абай, Ұлытау облыстарын қамтиды. Жастар бағдарламасына жұбайлардың тек бірі ғана қатыса алады. Банк сатып алынатын баспананың құнын шектемейді, тек берілетін заемның ең жоғары сомасы аймағына байланысты 20 млн теңгеге дейін өзгеріп отырады.

Несиенің максималды сомасы мен таңдалған пәтердің құны арасындағы айырмашылықты бағдарламаға қатысушы өз қаражаты есебінен өтейді.

Кейбір аймақтарда жастардың жұмыс орындарына қатысты шектеулер бар.

Жалпы, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының шарттары мынадай:

∙ Қатысушының жасы - 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс (Қостанай қаласында шарт бойынша қарыз алушының жасы 34 жастан жоғары болмауы керек);
∙ Ресми жұмыс өтілі – өтініш берген кезде 6-12 ай (аймаққа байланысты);
∙ Жылжымайтын мүлік – аймаққа байланысты соңғы 5 жыл ішінде болмауы қажет;
∙ Несиенің максималды сомасы – аймаққа байланысты 10-нан 20 млн теңгеге дейін. Таңдалған баспананың құны жоғары болса, айырмашылықты қарыз алушы өз қаражаты есебінен өтесе болады.
∙ Алғашқы жарна – 10%.
∙ Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%-дан (ЖТСМ – 5,2%-дан бастап).
∙ Мерзімі – 19 жылға дейін.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде еліміздің әрбір үшінші тұрғыны – жастар санатына жатады. Отбасы банк облыс әкімдіктерімен бірлесіп, осы санаттағы азаматтарға баспана сатып алуда қолдау көрсетуді жалғастырады. Өйткені, жастардың жеке шаршы метрлерге қол жеткізуі – болашаққа деген сенімді нығайтып, өзге өңірлерге көшпей, туған жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру