Отбасы банк және БҚО әкімдігі "Жайық жастары" тұрғын үй бағдарламасын іске қосты | Батыс Қазақстан облысында "Жайық жастары" жастар тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл БҚО әкімдігі мен Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы, оның көмегімен жас мамандар қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады. Бағдарламаны қаржыландыруға өңір әкімдігі 600 млн теңге бөлді. Заемдарды Отбасы банк беретін болады. "Жайық жастарына" медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қалалық және республикалық мәдени ұйымдардың бейінді қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушы - оқытушылар, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ЖАО қызметкерлері қатыса алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк және БҚО әкімдігі "Жайық жастары" тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

Отбасы банк және БҚО әкімдігі "Жайық жастары" тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

18 қаңтар 2024

Баспасөз мәлімдемесі

Батыс Қазақстан облысында "Жайық жастары" жастар тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл БҚО әкімдігі мен Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы, оның көмегімен жас мамандар қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады. Бағдарламаны қаржыландыруға өңір әкімдігі 600 млн теңге бөлді. Заемдарды Отбасы банк беретін болады.

"Жайық жастарына" медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қалалық және республикалық мәдени ұйымдардың бейінді қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушы - оқытушылар, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ЖАО қызметкерлері қатыса алады.

Қатысушылардың жасы - 21 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда).

Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерінің Орал қаласында тұрақты тіркеуі болуы тиіс.

Кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%). Қарыздың ең жоғары сомасы - 15 млн теңге. Бастапқы жарна - кемінде 10%. Қарыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы және екінші нарықтардан сатып алуға болады. Сондай-ақ, нысанда "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған жағдайда, пайдалануға берілген немесе салынып жатқан үйден пәтер сатып алуға болады.

Өтінімдерді қабылдауды және әлеуетті қатысушыларды іріктеуді БҚО Қоғамдық даму басқармасы келесі мекенжай бойынша жүргізеді: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 188 (БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ғимараты). Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 18 қаңтарында сағат 10.00 басталады.

Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған үміткерлер өтеді. Ұпайларға некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, кәсібі, әлеуметтік осал санаттарға жатуы және т. б. әсер етеді.

Қатысушылардың тізімі қалыптасқан кезде олардың барлығы Отбасы банкіне кредит алуға жолдама алады. Онда төлем қабілеттілігі тексерілген бағдарламаға қатысушыларына заем беріледі.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру