Отбасы банк пен Қостанай облысының әкімдігі «Жас шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасын іске қосады | Жаңа жоба жас қостанайлықтарға қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Жас шаңырақ» бағдарламасын қаржыландыруға 350 млн теңге бөледі. Тиісті меморандумға бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк пен Қостанай облысының әкімдігі «Жас шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасын іске қосады

Отбасы банк пен Қостанай облысының әкімдігі «Жас шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасын іске қосады

24 тамыз 2022

Баспасөз мәлімдемесі


Жаңа жоба жас қостанайлықтарға қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Жас шаңырақ» бағдарламасын қаржыландыруға 350 млн теңге бөледі. Тиісті меморандумға бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойды.

«Жас шаңыраққа» 35 жасқа дейінгі Қостанай қаласының тұрғындары қатыса алады. Өтініштер мемлекеттік немесе бюджеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, әлеуметтік салада, коммуналдық қызметтерде жұмыс істейтін азаматтардан қабылданады.

Бағдарламаға қатысушылардың ресми жұмыс тәжірибесі өтініш берген кездегі соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Табысы да есепке алынады. Соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ - 37 389 теңге). Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.

- Отбасы банк жастарға арналған алғашқы тұрғын үй бағдарламасын осыдан 5 жыл бұрын Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе бастады, ізінше бұл бастамаға Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қосылды. Биыл бұл бастаманы тағы үш қала қолдап отыр – Қарағанды, Тараз және Қостанай. Жалпы осы уақытқа дейін жастарды жеңілдетілген шарттармен несиелендіруге жергілікті әкімдіктер мен Отбасы банк 58 млрд теңге бөлді. Осылайша жас азаматтардың жергілікті жерлердегі баспана мәселесін шешіліп жатыр. Бұл олар үшін өте маңызды. Өйткені, жеке баспана – болашаққа деген сенім, отбасын құруға, кәсіби өсуге деген ұмтылыс, – деп түсіндірді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Жас шаңырақ» бағдарламасына өтініштер шамамен қыркүйек айында басталады. Нақты күні Қостанай тұрғындарына қосымша хабарланады.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін арнайы комиссия жинаған ұпайлары бойынша бағдарламаға қатысушыларды таңдайды. Ұпайлар санына некеде тұру жылдарының саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби және әлеуметтік жетістіктері әсер етеді.

Пулға өткен бағдарлама қатысушылар Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін бағалатып, өз бетінше баспана табулары қажет. Баспананы алғашқы және екінші нарықтан сатып алуға болады.

Отбасы банк пәтер сатып алуға беретін несиенің ең жоғарғы сомасы 15 млн теңге (егер мүліктің құны 15 млн теңгеден асатын болса, онда айырмашылықты қатысушы өз қаражаты есебінен төлесе болады). Алғашқы жарна кем дегенде 10% болуы керек. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%) болады. Несиені 19 жылға дейін алуға рұқсат.

 ***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру