Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасына қаражат тарту үшін шілдеде алғашқы облигацияларды орналастырады

Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасына қаражат тарту үшін шілдеде алғашқы облигацияларды орналастырады

9 июля 2024

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) биыл өз облигацияларын шығару және орналастыру арқылы 300 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Ақша қазақстандықтарға «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беруге бағытталады.

100 млрд көлеміндегі алғашқы облигацияларды шығару және оларды "Қазақстан қор биржасы" АҚ орналастыру шілде айында өтеді.

Бір облигацияның номиналды құны 1000 теңгені құрайды. Бұл ретте қаражат тартылатын мөлшерлеме тек алғашқы сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады.

Бұл туралы KASE алаңында өткізілетін Отбасы банк эмитенті күнінде Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимова айтып өтті.

- «Наурыз» бағдарламасы - маңызды әлеуметтік жоба. Оның іске қосылатындығын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде жариялады. Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды, жалпы 38 841 өтінім сәтті түрде қабылданды. Жақын арада біз банктің ресми сайтында «Наурыз» бағдарламасына қатысып, биылғы жылы қоныс тойын атап өтетін қатысушылардың тізімін жариялаймыз. Дәл осы Бағдарлама қатысушыларына кредит беру үшін біз облигациялар шығару арқылы қаражат тартамыз. Олардың құны базалық мөлшерлеме деңгейін ескере отырып, орналастыру күніне қарай айқындалады және 5 жыл ішінде тұрақты болады, - деп Отбасы банк Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимова атап өтті.

Облигацияларды инвесторлардың шектеусіз шеңбері арасында орналастыру жоспарлануда. Бұл екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру компаниялары және тіпті жеке тұлғалар болуы мүмкін. Яғни, қазірдің өзінде Отбасы банкте депозиттері бар немесе салымшы болуды жоспарлап отырған қазақстандықтар өз қаражаттарын банк облигацияларына да инвестициялай алады.

Шығарылған облигациялар әлеуметтік бағалы қағаздар мәртебесіне ие болады. Бұл Банктің айнымастығының және оның ESG қағидалары бойынша дамуының көрсеткіші. Облигация ұстаушылар үшін бұл факт Қазақстан азаматтарын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік маңызды міндетін шешуге жәрдемдесу жоспарындағы артықшылықтардың бірі болады.

Әлеуетті инвесторлар үшін Отбасы банк сенімді эмитент. Бүгінде ол ЕДБ арасындағы ең жоғары рейтингтерге, елдік деңгейдегі рейтингке (BBB) ие. Банк несие портфелінің ең жақсы сапасына ие, бұл 0,1% мөлшеріндегі NPL-дің төмен деңгейімен расталады (банк секторындағы NPL-дің орташа мәні - 3,12%). Қазір Отбасы банк активтері мен меншікті капиталы бойынша ЕДБ арасында 4-ші орында тұр.

Депозиттерге ақша жинай отырып, 2,7 млн қазақстандық Банкке сенім артады. Биылғы жылы Отбасы банктің көмегімен 28 896 адам өз тұрғын үйін сатып алды. Банктің қазақстандық ипотека нарығындағы үлесі 52% -ды құрайды.

«Наурыз» бағдарламасы бойынша азаматтарға кредит беру үшін барлығы 1,7 трлн теңгеге облигация шығару жоспарлануда. Бірінші жылы бұл 300 млрд теңге мөлшерінде, кейінгі жылдары - 200 млрд теңгеден шығарылатын болады.

Бағдарлама 8 жылға жоспарланған. Осы уақыт ішінде 68 000-ға жуық қазақстандық отбасы өз тұрғын үйіне ие болады.

Тартылған қаражат нарықтық жағдайлар бойынша қарызға алынатындықтан, мемлекет Отбасы банк шығарған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды деп болжануда. Бұл өз кезегінде бағдарлама қатысушыларын қолдауға және оларға жеңілдікті шарттармен, яғни 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9%-ға дейін) - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін) мөлшерлемелер бойынша қарыз беруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру