Отбасы банк "Наурыз 2025" бағдарламасы бойынша несиелеу үшін KASE-ден 50 млрд теңге тартты | Бүгін KASE-де Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Нәтижесінде "Наурыз" бағдарламасына қатысушыларға кредит беру үшін 50 млрд теңге тартылды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк "Наурыз 2025" бағдарламасы бойынша несиелеу үшін KASE-ден 50 млрд теңге тартты

Отбасы банк "Наурыз 2025" бағдарламасы бойынша несиелеу үшін KASE-ден 50 млрд теңге тартты

24 сәуір 2025

Бүгін KASE-де Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Нәтижесінде "Наурыз" бағдарламасына қатысушыларға кредит беру үшін 50 млрд теңге тартылды.

Бір облигацияның номиналды құны - 1000 теңге. Қаражат тартылған мөлшерлеме сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалды және жылдық 16,5% құрады. Облигациялардың айналым мерзімі-5 жыл. Купонды төлеу кезеңділігі-жылына 2 рет.

Банк облигацияларын сатып алудың артықшылығы - бұл купондық сыйақы үшін салықтың салынбауы, себебі Отбасы банк ҚР қаржы агенттіктерінің тізбесіне кіреді, сондай-ақ облигациялардың KASE-нің "ресми" тізіміне енгізілуіне байланысты.

Сондай-ақ, банктің облигациялары репо эмитенттің мемлекеттік қатысу үлесі бар облигациялары себетіне енгізілетін болады және олар бойынша маркет-мейкердің болуы болжанады.

- Биыл "Наурыз" бағдарламасын қаржыландыру үшін 200 млрд теңге тартуды жоспарлап отырмыз. Біз облигацияларды бірнеше траншпен орналастырамыз. Әзірге сауда-саттыққа заңды тұлғалар қатысуда. Енді біз келесі облигациялар пакеттерін орналастырған кезде жеке тұлғалар инвестор бола алатындай ішкі процестерді аяқтаймыз. Бұл қарапайым қазақстандықтарға өз қаражатын сақтап, көбейтіп қана қоймай, аса мұқтаж жандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, яғни маңызды әлеуметтік міндетті шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді. Біздің банктің облигациялары әлеуметтік мәртебеге ие, бұл оларды ESG-күн тәртібі және қоғам алдындағы жауапкершілік тұрғысынан тартымды етеді, - деп атап өтті Отбасы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Биыл "Наурыз" бағдарламасына қатысушылардың тізіміне 12 000 қазақстандық енді. Оның 4 577-сі немесе 38,1%-ы тұрғын үйге кезекте тұр. Кезекте тұрғандардың жартысына жуығы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.

Бүгінгі таңда заемдар бойынша 3 547 адам мақұлдау алды. Бағдарламаның қалған қатысушылары 2025 жылғы 16 мамырды қоса алғанда, Отбасы банкіне кредиттік өтінім беруге үлгерулері тиіс.

Отбасы банкінің әлеуетті инвесторлары үшін қаржы құрылымы сенімді эмитент болып табылады. Бүгінгі таңда ол Fitch агенттігінің (BBB) және Moody ' s Investors Service-тің Baa1 деңгейіндегі жоғары рейтингтеріне ие. Банк несие портфелінің ең жақсы сапасына ие, бұл 0,1% құрайтын төмен NPL деңгейімен расталады (банк секторындағы NPL орташа мәні 3,05%). Қазір Отбасы банк активтері мен меншікті капиталы бойынша ЕДБ арасында 4-ші орында тұр.

KASE Отбасы банкін ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы деп таныды. 2024 жылы "Наурыз" бағдарламасы аясында Отбасы банк 7 745 қазақстандыққа қоныс тойын атап өтуге көмектесті.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру