Отбасы банк емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер туралы хабарлады | 2025 жылдың 27 сәуірінен бастап емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерістер мен толықтырулармен жұмыс істейтін болады. Басты жаңалық жас қазақстандықтарды емдеуге қатысты. Енді ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі-БЖТ) өз емінің ақысын төлеуге ғана емес, кәмелетке толмаған балаларды емдеуге де қолдана алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер туралы хабарлады

Отбасы банк емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі өзгерістер туралы хабарлады

25 сәуір 2025

2025 жылдың 27 сәуірінен бастап емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерістер мен толықтырулармен жұмыс істейтін болады. Басты жаңалық жас қазақстандықтарды емдеуге қатысты. Енді ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі-БЖТ) өз емінің ақысын төлеуге ғана емес, кәмелетке толмаған балаларды емдеуге де қолдана алады.

Сондай-ақ, стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі де өзгереді. Ескерілетін негізгі жайттар:

1. Енді азаматтар бұрынғыдай дәрігерлік комиссияның емес, тіркелген жері бойынша емханада дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ДКК) қорытындысын алулары қажет болады.

2. Стоматологиялық клиникамен жасалған шарт міндетті түрде бекітілген формаға сәйкес келуі тиіс (форма "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі шарттың үлгілік формасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен бекітілген).

3. Сондай-ақ, стоматологиялық клиникамен жасалған шартқа соманы көрсете отырып, екі кезеңнен тұратын емдеу жоспары қоса берілуі тиіс. Бірінші кезең – барлық шығын материалдарын ескере отырып, хирургиялық (имплантация, сүйек салу операциялары, синус көтеру және т.б.). Екінші кезең - ортопедиялық, ол импланттардағы конструкцияны қамтиды. БЗТ көмегімен төлем хирургиялық емдеуге дейінгі бірінші кезеңде және ортопедиялық емдеуге дейінгі екінші кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші және екінші кезеңде де ДКК үшін тістердің суретін түсіру керек және кейіннен enpf-otbasy.kz платформасына жүктеу үшін әр кезеңге екі рет ДКК қорытындысын алу қажет болады.

4. Имплантациясыз стоматологиялық қызметтерді көрсету кезінде, яғни алынбалы және алынбайтын протездермен протездеу жүргізілгенде, БЗТ көмегімен төлем екі кезеңде - протездеу басталғанға дейін және алынбалы немесе алынбайтын протездерді орнатпас бұрын жүргізіледі.

Бірінші және екінші кезеңде де ДКК үшін тістердің суретін түсіру және платформада ДКК қорытындысының өзін жүктеу қажет болады enpf-otbasy.kz.

Бұл шаралар зейнетақы жинақтарынан шығындар ашықтығын, қауіпсіздігін және негізділігін арттыру үшін енгізіледі.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. 2022 жылы банк Ұлттық ESG клубының негізін қалаушылардың бірі болды. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру