Отбасы банк қазақстандық жас ғалымдарға қолжетімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі | Жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды. Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ғалымдардан заем алу туралы өтініштер қабылдайды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк қазақстандық жас ғалымдарға қолжетімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі

Отбасы банк қазақстандық жас ғалымдарға қолжетімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі

1 желтоқсан 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды. Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында, 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ғалымдардан заем алу туралы өтініштер қабылдайды.

Отбасы банк пен Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында жасалған келісімге сәйкес, жас ғалымдар - "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына сәйкес, Министрлікке, Ғылым комитетіне және Тіл саясаты комитетіне қарайтын ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын, 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда), ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын, магистр дәрежесінен төмен емес дәрежесі бар, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі бар, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдары ретіндегі және тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары.

Бағдарлама ғылыми ұйымдар мен жоғары және ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына 5 жыл бойы қолжетімді шарттармен тұрғын үй алу мүмкіндігін береді.

– Ғылыми жаңалықтар мен жаңа технологиялар еліміздің экономикалық өрлеуінің маңызды факторы болып табылады. Жаңа технологияларды жасап, онымен жұмыс істей алатын кадрларды дайындаудың да маңызы зор. Бұл рөл ғалымдарымызға жүктелген. Аталмыш кәсіптің беделін көтеріп, қолдау көрсетуіміз керек. Ғалымдарымыз күнделікті мәселелерді ойламай, ғылымға ден қоюы үшін біз өз тарапымыздан оларға баспана мәселесін шешуге көмектесуге дайынбыз. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Отбасы банкінен жылдық мөлшерлемесі 5%, ең төменгі 10%-дық алғашқы жарнамен несие алуға мүмкіндік беретін бағдарламаны іске қосып жатырмыз», - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бейінді министрлік Ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының тізбесі) қалыптастырады және Банкке ұсынады.

Қатысушылар пулын жұмыс беруші белгілейді.

Жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының тізбесін бекітіп, оны Банкке ұсынады.

Банк кредиттік өтінімдерді Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының тізбесіне кіретін ұйымның жолдамасы негізінде қабылдайды.

Баспананы алғашқы немесе екінші нарықтан сатып алуға болады. Заемның жылдық мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,2% бастап) беріледі. Алғашқы жарна 10%-дан 50%-ға дейін болады. Бағдарламаға қатысушысына берілетін ең жоғары заем сомасы 20 млн теңгеге дейін.

Сондай-ақ «Жасыл ипотека» бағдарламасы аясында да заем алу мүмкіндігі бар. Оның ең жоғрғы сомасы 35 млн теңгеге дейін. Несие бойынша мөлшерлеме жылдық 8% (ЖТСМ 8,2%-дан бастап). Алғашқы жарна – 20%-дан 50%-ға дейін.

Ғалымдарды несиелендіру бағдарламасына қатысушысы 40 жастан аспауы тиіс. Оның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы керек.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру