Отбасы Банк аралық заем берерде бағалау көрсеткішін негізге алатын болады | «Отбасы банк» АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын еліміздегі бірегей банк. Жүйе салымшылар қаражатын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тартып, оларды несиелендіріп, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. Бүгінде бұл жүйеге 2 398 909 астам қазақстандық сенім артып отыр, бұл еліміздің экономикалық белсенді халқының 26 пайызы. Осы уақытқа дейін Отбасы Банкінің 410 725 клиенті өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Тек жыл басынан бері 53 538 қазақстандық отбасы тұрғын үй құрылыс жинақтарының көмегімен қоныс тойын тойлап үлгерді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы Банк аралық заем берерде бағалау көрсеткішін негізге алатын болады

Отбасы Банк аралық заем берерде бағалау көрсеткішін негізге алатын болады

9 қыркүйек 2022

Баспасөз мәлімдемесі

«Отбасы банк» АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын еліміздегі бірегей банк. Жүйе салымшылар қаражатын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тартып, оларды несиелендіріп, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бүгінде бұл жүйеге 2 398 909 астам қазақстандық сенім артып отыр, бұл еліміздің экономикалық белсенді халқының 26 ​​пайызы. Осы уақытқа дейін Отбасы Банкінің 410 725 клиенті өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Тек жыл басынан бері 53 538 қазақстандық отбасы тұрғын үй құрылыс жинақтарының көмегімен қоныс тойын тойлап үлгерді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сәйкес, салымшы ай сайын 3 жыл бойы депозитіне жарна аударады. Банк жинақ сомасына жылдық  2% мөлшерінде сыйақы қосады. Сондай-ақ салымшыларға жыл сайын 200 АЕК аспайтын сомаға 20% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы беріледі.

Отбасы банк өз клиенттеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған займдардың үш түрін ұсынады.

Қарыздың негізгі түрі – тұрғын үй заемы. Ол еліміздегі ең тиімді пайыздық мөлшерлемемен, яғни жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін (ЖТСМ 3,6% бастап) несие алуға мүмкіндік береді. Тұрғын үй заемы Банк салымшысына баспана алуға қажетті соманың 50% жиналған, мерзімі 3 жылдан кем емес, бағалау көрсеткішінің ең төменгі деңгейі-16-ға жеткен депозит бойынша беріледі. Бағалау көрсеткіші бұл – клиенттің қаржылық тәртібінің индикаторы. Ол неғұрлым жоғары болса, тұрғын үй заемының мөлшерлемесі соғұрлым төмен болады

Алдын ала тұрғын үй заемы – бұл депозитте баспана алуға қажетті соманың 10% жинақталған уақытта алуға болатын тиімді несие. Бұл ретте несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% (ЖТСМ 5,2% бастап) басталады. Отбасы Банк алдын ала заемды тек мемлекеттік бағдарламалар, өз бағдарламалары («Әскери баспана», «Өз үйім», «Ұмай», Корпоративтік өнім), сондай-ақ жастарға арналған аймақтық тұрғын үй бағдарламалары аясында береді.

Егер салымшы жинағының мерзімі үш жылға жетпесе, алайда оның қолында тұрғын үй құнының 50% қаражаты болса, клиент аралық тұрғын үй заемын ала алады.

Аралық тұрғын үй заемдары Отбасы банк салымшыларының арасында сұранысқа ие. Осы уақытқа дейін олар 5%-ға дейін төмендеу мүмкіндігімен жылдық 7%-дан бастап 8,5%-ға дейінгі (ЖТСМ 7,4%-дан бастап) мөлшерлемемен беріліп келді. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылдың 31 шілдесі аралығында Отбасы Банк жалпы сомасы 1 778 587 млн теңгеге 98 546 аралық тұрғын үй заемын берді. Олардың жартысына жуығының (49%) бағалау көрсеткіші 0,83-тен жоғары болмаған. Бұл несие алу кезінде клиенттердің қаражаты депозиттерде жинақталмағанын, демек, жүйеде жұмыс істемегенін білдіреді.

Жинақтау және несиелендіру балансы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі негізгі және әділ қағида. Себебі ТҮҚЖ жүйесіне сыртқы көздерден қаражат тартылмайды. Клиенттердің бірі ақша жинақтап жатқан уақытта, басқалары несие алады. Бұл жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қаражатын жинақтай білген салымшыларға төмен мөлшерлемемен қарыз алуға мүмкіндік береді.

Жинақ мәдениетінің негіздерін нығайту аясында Отбасы Банкінде 2022 жылдың 1 қазанынан бастап аралық тұрғын үй заемдарына сараланған пайыздық мөлшерлемелер қолданылады. Яғни, аралық заем бойынша мөлшерлеме жинақтау кезеңіне және сәйкесінше бағалау көрсеткішінің белгіленген диапазондарына байланысты болады. Аралық заем бойынша пайыздық мөлшерлеме диапазоны жылдық 7%-дан 11,5%-ға дейін (ЖТСМ 7,4% бастап) болады. Отбасы банкіндегі жинақ шотына бірден (депозитте қаражат жинамай) тұрғын үй құнының 50%-ын аударған клиент мөлшерлемесі 10%-дан 11,50%-ға дейінгі (ЖТСМ 11,2% бастап) аралық заемға өтінім бере алады. 7%-дан 8,5%-ға дейінгі бұрынғы мөлшерлеме бойынша аралық заем алу үшін банк салымшысы қолындағы тұрғын үй құнының 50%-ын депозитке салып, бағалау көрсеткішін 5-ке дейін жеткізуі керек. Бұл мәнге жету үшін депозит  толықтырылған сәттен бастап 6 ай мерзім өтуі қажет. Сонда заем бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендейді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі осылай жұмыс істейді – салымшы депозитін неғұрлым ұзақ уақыт жинаса, соғұрлым несие мөлшерлемесі төмен болады.

 

Бағалау көрсеткіші

5,0

4,17

3,33

2,50

1,67

0,83

0

Аралық заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі

 

7% - 8,5%

7,5% - 9%

8%-9,5%

8,5%-10%

9% -10,5%

9,5%-11%

10%-11,5%

 

Депозитке келісімшарт сомасының 50% аударылған жағдайда 0,83 бағалау көрсеткіші 1 ай мерзімде жетеді; 1.67 БК - 2 айда; 2,5 БК - 3 айда; 3.33 БК - 4 айда; 4.17 БК - 5 айда; 5 БК – 6 айда.

 Бағалау көрсеткішінің мәніне қарай аралық тұрғын үй заемдары бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемелері келесі бағдарламалар бойынша қолданылатын болады:

1. Банктің нарықтық бағдарламасы – алғашқы тұрғын үй алу.

2. Банктің нарықтық бағдарламасы – екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу, жөндеу және жаңғырту немесе құрылыс мақсатымен жер телімін алу.

3. Тұрғын үй құрылысының басқа жобалары.

4. Жергілікті атқарушы органдар мен Банк арасындағы ынтымақтастық/өзара іс-қимыл шеңберінде тұрғын үй сертификаттары (әлеуметтік көмек) болған жағдайда тұрғын үй сатып алуға несие беру.

5. «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы бойынша несиелендіру шарттары.

6. Алғашқы тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы Банк» АҚ-нан несие алу үшін бастапқы жарнаны енгізу мақсатында аралық тұрғын үй заемдарын беру.

7. Банктің қарыз алушыларына тұрғын үйді жөндеуге несие беру.

Мысалы, егер тұрғын үй құны 20 млн теңге болса, онда сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып, аралық несие бойынша ай сайынғы төлем (бұдан әрі тұрғын үй заемына көшумен 3 жылға беріледі) келесідей болады:

 

Бағалау көрсеткіші

5,0

4,17

3,33

2,50

1,67

0,83

0

Аралық заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі

8,5%

9%

9,5%

10%

10,5%

11%

11,5%

Ай сайынғы төлем

141 600

150 000

158 300

166 600

175 000

183 300

191 600

Аралық заем бойынша артық төлем (3 жылға), млн

5,1

5,4

5,7

6,0

6,3

6,6

6,9

Аралық заем бойынша несие мөлшерлемесі тұрғын үй заемына ауысқанға дейін өзгертілмейді.

Тұрғын үй және алдын ала займдар бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру