Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Швейцария» тұрғын үй кешенінен баспана сатып алу үшін несие беру мәселесі бойынша Отбасы банкінің позициясы

«Швейцария» тұрғын үй кешенінен баспана сатып алу үшін несие беру мәселесі бойынша Отбасы банкінің позициясы

19 қараша 2025

Отбасы банк «Miras Green Technology Building» ЖШС-мен «Швейцария» тұрғын үй кешеніндегі баспананы сату бойынша ешқандай келісімшарттар немесе келісімдер жасамағанын хабарлайды. Сондай-ақ банк бұл құрылыс нысанына қатысты банк қандай да бір ақпаратты немесе жарнаманы өз ресми ресурстарында және бөлімшелерінде орналастырмаған.

«Швейцария» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің құрылысы мен сатылымы толықтай коммерциялық негізде жүзеге асырылды және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының немесе әлеуметтік баспана жобаларының бөлігі болмаған.

Клиенттер сатып алу нысанын өздігінен таңдап, заңнама талаптарына сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынып, кредиттік өтінімдерді рәсімдеу үшін Отбасы банкке жүгінді.

Барлық несиелер заем алушылардың иелігінде болған өзге жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етіліп, кредиттік шарттар жасалған сәтте қолданыста болған заңнама аясында берілді.

2021 жылдың 6 желтоқсанынан 2022 жылдың 11 шілдесіне дейін Отбасы банк «Швейцария» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алу үшін 17 несие берген, бұл тұрғын үй кешенінің сипаттамасында көзделген жалпы пәтер санының шамамен 10%-ын құрайды. Несие беру көлемінің жалпы сомасы – 380 832 528 теңге.

Қазіргі уақытта 3 несие толық өтелген, ал қалған 14 несие бойынша берешек қалдығы 108 834 318 теңге. Барлық заем алушылар өз міндеттемелерін тиісінше орындап отыр. Проблемалық берешек жоқ.

Банкке «Швейцария» тұрғын үй кешені бойынша жағдай шешілгенге дейін несиелер бойынша төлемдерді тоқтата тұру туралы 8 заем алушы өтініш білдірді.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 34-бабының 15-тармағына сәйкес, төлемдерді тоқтата тұру тек несие алаяқтық жолмен рәсімделген жағдайда ғана мүмкін.

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары аталған несиелердің рәсімделуі барысында алаяқтық фактілері туралы Банкке қандай да бір ақпарат ұсынған жоқ. Осыған байланысты төлемдерді тоқтата тұру үшін заңнамада көзделген негіздер жоқ.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес, заем алушылар өздеріне залал келтірген тұлғаларға азаматтық талап қоюға құқылы. Құрылыс компаниясының басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда, клиенттер мүліктік және моральдық шығынды кінәлі тұлғадан өндіруді талап ете алады.

Отбасы банк қолданыстағы құқықтық алаң шеңберінде ғана заем алушыларға қолдау көрсетуге дайын екенін растайды.

Сондай-ақ заңнамадағы өзгерістерге назар аударамыз.
2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы…» Заңымен «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді.

2025 жылдың 31 тамызынан бастап банктерге көппәтерлі тұрғын үйлердегі, жеке және заңды тұлғалардың қаражатын тарту есебінен салынатын құрылысы жүріп жатқан пәтерлерді сатып алуға ипотекалық несие беруге төмендегі жағдайларсыз тыйым салынады:

  • үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат немесе
  • Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес үлестік қатысу кепілдігін беру жөніндегі келісімшарт.

Отбасы банк азаматтарды шатастыруы мүмкін тексерілмеген немесе шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпауды сұрайды.
Банк ашықтық қағидаттарын ұстанады және өз қызметі бойынша кез келген сұраққа түсініктеме беруге әрдайым дайын.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру