"Наурыз" бағдарламасы бойынша 31 000 өтініш қабылданды | Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар көш бастап тұр. Олардың үлесіне сәтті қабылданған өтінімдердің 62% тиесілі.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
"Наурыз" бағдарламасы бойынша 31 000 өтініш қабылданды

"Наурыз" бағдарламасы бойынша 31 000 өтініш қабылданды

14 маусым 2024

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар көш бастап тұр. Олардың үлесіне сәтті қабылданған өтінімдердің 62% тиесілі.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін ең көп таңдалған бес қала мен өңір қатарына Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары кірді.

Сәтті қабылданған өтінімдердің жартысы балалары бар, отбасылы қазақстандықтарға тиесілі. "Наурыз" бағдарламасына қатысу үшін жолданған өтінімдердің 1 847 көпбалалы отбасылардан, 126 жетім балалардан және халықтың әлеуметтік осал топтарының 3 782 өкілдерінен қабылданды.

Ал 3 889 өтінім қабылданбай, кері қайтарылды. Негізгі себеп – клиенттердің депозиттерінде 1 млн теңге мөлшеріндегі қажетті сома жоқ болып шыққан. Бұл "Наурыз" бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ, тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданбады.

Қатысушыларды асықтырмау үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды. Үміткерлер өз өтінімдерін 2024 жылдың 28 маусымына дейін Баспана маркет платформасында (otbasybank.kz), жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жолдай алады.

"Наурыз" бағдарламасының әлеуетті қатысушылары тұрғын үй сатып алу барысында өңірді мұқият таңдаулары керек. Оны бағдарламаға өтініш беру кезеңінде жасау өте маңызды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тізімді саралау басталады. Яғни, қатысушылардың өтінімдері ең көп жиналған балл бойынша бөлінеді.

Ұпайлар қалай есептеледі?

- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;

- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;

- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);

- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;

- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

Егер екі қатысушының ұпайлар саны сәйкес келсе, онда тізімге енгізу кезінде басымдық салым сомасы көп және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамға беріледі.

Саралаудан кейін клиенттер банк сайтында "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтініш берушілердің, атап айтқанда қатысушылар пулына енгендердің және ұпайлар бойынша өтпегендердің толық тізімін көре алады. Пулға кірген қатысушылардың несиеге өтінім беруге тағы екі ай уақыты болады.

Заем бойынша оң мақұлдау алған үміткердің баспана іздеуге 6 ай уақыты болады.

"Наурыз" бағдарламасының шарттары:

  • алғашқы жарна - 20%-данбастап;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
  • азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9%(ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
  • несие мерзімі - 19 жылға дейін.

"Наурыз" бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу бойынша келесі шарттар ұсынылады:

- алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша;

- моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй, жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын көлемде.

Заемның ең жоғарғы мөлшері:

- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.

- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.

Сондай-ақ, бір несие аясында сатып алынып жатқан бастапқы баспананы жөндеу жұмыстарына да ақша алуға да болады. Бастысы жөндеуге арналған қарыз сомасы тұрғын үй сатып алуға арналған кредиттің жалпы сомасының 20%-нан аспауға тиіс, бірақ қарыздың ең жоғары сомасы шегінде.

Бағдарламаға қатысушы пәтерді Баспана маркет порталынан таңдап, брондай алады (otbasybank.kz). Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.

Қазіргі уақытта Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) "Отау" бағдарламасының қатысушылары мен "Наурыз" бағдарламасының болашақ қатысушылары үшін тұрғын үй объектілерді белсенді түрде орналастырылуда. Қазір таңдауға 230 тұрғын үй кешеніндегі 7 670 пәтер ұсынылған.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру