Ислам Сұңқардың Отбасы банк қызметі туралы депутаттық сұрау салуына қатысты банктің ұстанымы | Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырады. Бұл жүйе 80 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Еуропа елдерінен алынған. Бұл елдегі қаржылық және экономикалық жағдайға қарамастан, азаматтарға тұрғын үй жағдайларын қолжетімді тәсілмен жақсартуға көмектесетін өзара көмек кассасының бір түрі. Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі 500 мыңнан астам азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Егер 4 адамнан тұратын орташа статистикалық қазақстандық отбасын негізге алсақ, онда елімізде 2 миллионнан астам адам өзінің тұрғын үй мәселесін шеше алды деген сөз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ислам Сұңқардың Отбасы банк қызметі туралы депутаттық сұрау салуына қатысты банктің ұстанымы

Ислам Сұңқардың Отбасы банк қызметі туралы депутаттық сұрау салуына қатысты банктің ұстанымы

29 ақпан 2024

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырады. Бұл жүйе 80 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Еуропа елдерінен алынған.

Бұл елдегі қаржылық және экономикалық жағдайға қарамастан, азаматтарға тұрғын үй жағдайларын қолжетімді тәсілмен жақсартуға көмектесетін өзара көмек кассасының бір түрі.

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі 500 мыңнан астам азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Егер 4 адамнан тұратын орташа статистикалық қазақстандық отбасын негізге алсақ, онда елімізде 2 миллионнан астам адам өзінің тұрғын үй мәселесін шеше алды деген сөз.

Бұл жүйе - біреулер ақша жинап жатқанда, екіншілері кредит алатын мүмкіндігі болады деген қағидат бойынша жұмыс істейді.

Азаматтардың жинақтары Отбасы банкке 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі қолжетімді мөлшерлемелер бойынша кредит беруіне мүмкіндік береді (ЖТСМ 3,6%-дан басталады). Ипотекалық кредиттеу нарығында тұрғын үй кредиттері бойынша мұндай мөлшерлемелерді тек Отбасы банк ұсынады.

Салымшылардың жинақтары аталмыш жүйенің тұрақты және кемшіліксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Төмен мөлшерлеме бойынша кредит алу үшін банк салымшысы депозитте кем дегенде үш жыл бойы кредит сомасының 50%-ын жинақтауы тиіс. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі жұмысының міндетті талабы. Салымшылардың ақшасы жүйеде кемінде үш жыл болуы, жүйе үшін жұмыс істеуі тиіс. Осы қаражаттың көмегімен банк басқа қазақстандықтарға басапаналы болуға көмектеседі.

Үш жылдық жинақтау туралы талап "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" заңда жазылған. Егер банк депозиттерде 50%-ды жинақтау жөніндегі талапты алып тастаса, онда жинақ жүйесі жұмысын тоқтатады. Бұл жағдайда қазақстандықтар қолжетімді талаптар бойынша кредит алу мүмкіндігінен айрылады.

Үш жыл бойы күтіп, ақша жинағысы келмейтін, бірақ қолында тұрғын үй құнының 50%-ы бар қазақстандықтардың да Отбасы банктен кредит алатын мүмкіндігі бар. Бірақ олар қалай болғанда да, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі туралы заңға сәйкес, үш жылдық жинақтау мерзіміне шыдамдылық көрсетуі тиіс. Сондықтан мұндай клиенттер өздерінің қолда бар 50%-ын банктегі депозитке аударады. Осы 50% жинақ шотында болған кезде оған банктің сыйақысы және 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Сондықтан бұл ақша клиент үшін де жұмыс істейді.

Клиент өз депозитінің «жетілгенін» күткен уақытта банк оған аралық заем береді. Қарыз атауының өзі бұл уақытша кредит екенін көрсетеді. Ол қажетті соманың 100%-ы мөлшерінде беріледі. Тиісінше, мұндай кредит бойынша пайыздар барлық берілген сомаға, яғни 100%-ға есептеледі. Бұл жағдайда кредит бойынша пайыз жоғары болады, яғни 6,5%-дан 8,5%-ға дейін болады (ЖТСМ 6,2%-дан басталады).

Депозитке кем дегенде үш жыл толғаннан кейін қарыз алушының осы депозиттегі ақшасының 50%-ы аралық заемды өтеу есебіне жұмсалады, содан кейін ол тұрғын үй заемына ауысады. Бұл дегеніміз, кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 3,5% - 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 3,6%-дан басталады). Ал пайыз тек кредит қалдығына есептеледі

Тек Отбасы банкте кредит мөлшерлемесін төмендету опциясы бар. Бұл фактор қарыз алушы үшін «кредиттік шаршау» жағдайын болдырмайды.

Кредит беру кезінде банктің әрбір клиенті шартқа және төлемдер кестесіне қол қояды. Кестеде кредит үшін төлем бойынша барлық ақпарат - банктің сыйақысын, негізгі борышты, қалдықты төлеу мөлшері көрсетіледі. Сондай-ақ банк сыйақысының жалпы сомасы көрсетіледі. Яғни банк кредит төлеу жөніндегі деректерді жасырмайды және қаржылық айла-амалдармен айналыспайды.

Отбасы банктің барлық өнімдері мен қызметтері заң шеңберінде іске асырылады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын басқа банктерді ашуға тыйым салынбайды. Бұл жүйеге қатысу үшін қаржы институты тиісті лицензия алып, жұмысты бастауы қажет.

Банктің пайдасына келетін болсақ, ол дивиденд түрінде жыл сайын жалғыз акционер – «Бәйтерек» холдингіне төленеді. Банкте қалатын пайданың бір бөлігі тұрғын үй төлемдерін алушыларға, ғалымдарға, 35 жасқа дейінгі жас қазақстандықтарға кредит беруге жұмсалады.

Осылайша, биылғы жылы Отбасы банк өз пайдасының бір бөлігін өзінің «Отау» бағдарламасын іске асыруға бағыттайды. Бұл бағдарлама 7 жылға жоспарланған және ол кезеңде банк 50 мың азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру