Қарағанды облысының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты | Новый проект даст возможность молодым учителям, врачам, медсестрам, работникам культуры, спортсменам, тренерам-преподавателям, журналистам, преподавателям вузов, научным сотрудникам и представителям социальной сферы получить льготные займы для приобретения собственного жилья.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қарағанды облысының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

Қарағанды облысының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

13 маусым 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Жаңа жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, мейірбикелерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушыларына, ғылыми және әлеуметтік қызметкерлерге жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша үміткер жасы 35-тен аспауы керек.

Бағдарламаға қатысушылардың таңдаған саладағы ресми жұмыс өтілі, өтініш берген кезде, соңғы бір жылдан кем болмауы тиіс. Табысы да есепке алынады. Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспауы керек (1 КМ – 37 389 теңге). Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы шарт.

Қазіргі уақытта Отбасы банкінде 18-35 жас аралығындағы 68 мыңнан астам облыс тұрғындары баспана алу үшін қаражат жинап жатыр. Енді бұл мақсатқа жетер жолда олардың қосымша құралдары болады.

- Қарағанды ​​облысы жастарға арналған жеке тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған еліміздегі үшінші өңір болды. Облыс әкімдігі осылайша жас мамандарға қолдау көрсетуді жөн көрген. Жаңа жобаны жүзеге асыруға бірінші кезеңде облыс әкімдігі 1 млрд теңге, ал Отбасы банк 500 млн теңге бөліп отыр. Аталмыш бағдарлама көмегімен биылғы жылы баспаналы боламын деген қарағандылықтар қоныс тойын тойламақ, – дейді «Отбасы банк» АҚ Қарағанды ​​облыстық филиалының директоры Бауыржан Жуаспай.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау 13 маусымда басталып, 24 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлер Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, «Open Qarağandy» кеңсесі мекенжайына жолығулары қажет.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін, мемлекеттік және қоғамдық өкілдер мен депутаттардан құралған комиссия мүшелері қатысушыларды іріктеп, тізімді Отбасы банкіне жолдайды. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет. Баспананы Қарағанды қаласында орналасқан алғашқы немесе екінші нарықтан және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен салынып жатқан қала нысандарынан сатып алуға болады.

Тұрғын үй сатып алуға Отбасы банк 20 млн теңгеге дейін заем береді (егер мүліктің құны 20 млн теңгеден асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады). Бастапқы жарна – 10%, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%), несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.

Бүгінде Қарағанды ​​облысының әрбір оныншы тұрғыны баспана алу мақсатымен Отбасы банкінде депозит жинап жатыр. Банктегі салымшылар саны бойынша өңір Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе облыстарынан кейін төртінші орында тұр. Мұнда жастарға арналған жаңа бағдарламамен қатар Отбасы банкінің жеке бағдарламалары, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары жұмыс істейді. Биыл облыста кеншілер мен металл өңдеушілерді жеңілдетілген несиелендіру жобасы да қолға алынды. Қаржыны жергілікті билік пен Отбасы банк бөліп отыр.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру