Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларына сатып алу үшін 905 пәтер ұсынылады | Жақын арада көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанады. Қалалық әкімдік бағдарлама қатысушыларына арналған тұрғын үйлерді «Жас қанат» шағын ауданынан салып берді. Оларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жылдық 2% (ЖТСМ 2,1%-дан бастап) мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша алғашқы жарна несие сомасының кемінде 10 пайызына тең болуы тиіс.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларына сатып алу үшін 905 пәтер ұсынылады

Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларына сатып алу үшін 905 пәтер ұсынылады

16 қаңтар 2023

Баспасөз мәлімдемесі

Жақын арада көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанады. Қалалық әкімдік бағдарлама қатысушыларына арналған тұрғын үйлерді «Жас қанат» шағын ауданынан салып берді. Оларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жылдық 2% (ЖТСМ 2,1%-дан бастап) мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша алғашқы жарна несие сомасының кемінде 10 пайызына тең болуы тиіс.

Таза әрлеудегі пәтерлерді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша негізгі тізімге енген алматылықтар сатып ала алады. Аталмыш тізім otbasybank.kz платформасында 2022 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өткізген байқаудың қорытындысы бойынша қалыптастырылған.

Сол кезеңде Қазақстан бойынша 5880 отбасы іріктелген болатын. Оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 677 адам.

Қатысушылардың барлығы 2023 жылдың 16 қаңтарында сағат 10:00-ден бастап 31 қаңтар сағат 23:00-ге дейін otbasybank.kz порталында өздеріне ұнаған пәтерді таңдап, оған бронь жасай алады. Барлығы 905 пәтер бар. 1 шаршы метр құны 272 000 теңгеге тең.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары бойынша Алматыда несиенің ең жоғары сомасы 15 млн теңге болып белгіленген. Егер баспана құны бұл сомадан асып кетсе, бағдарламаға қатысушы айырмашылықты өз есебінен өтеуі тиіс.

Егер бір пәтерді бірден бірнеше қатысушы брондаса, онда басымдық тұрғын үй кезегіне бұрынырақ тұрған үміткерге беріледі.

Жалпы, қала әкімдігі «Жас қанат» шағын ауданында 3116 пәтерлік 41 тұрғын үй салуда. Қазірдің өзінде 1029 пәтерлік 14 үй пайдалануға берілді.

2022 жылы мемлекет «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға үш санат бойынша – көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды несиелендіруге 51 млрд теңге бөлді.

2022 жылдың қыркүйегінде қабылданған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілді. Аталмыш өзгерістер болашақта жеңілдетілген шарттармен несие алуға үміткер атана алатын азаматтардың санаттарына қатысты. Бұл «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», сонай-ақ «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар. Олар «Бақытты отбасы» бағдарламасына келесі байқау жарияланған уақытта қатыса алады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру