Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Жарты жылдың ішінде 137 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарының көмегімен баспаналы болды

Жарты жылдың ішінде 137 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарының көмегімен баспаналы болды

27 июля 2021

Баспасөз мәлімдемесі

2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу мақсаттары бойынша уәкілетті оператор ретінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі - БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) пайдалану үшін өтініш тапсыруға болатын enpf-otbasy.kz арнайы онлайн платформасын іске қосты.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері күшіне енген алты айдың ішінде 222 000 астам қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы жалпы сомасы 1 трлн 280 млрд теңгеден астам зейнетақы жинақтарын пайдаланды. Бүгінгі күні 137 мың қазақстандық үй иесі атанды, тағы 70 мыңға жуығы ипотекалық қарызын өтеді және 14 мыңнан астамы зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін емделуге жұмсады. Олардың үштен бірі – әйелдер (70 372) және үштен екісі – ер азаматтар (151 809).

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (35 304 адам), олар жалпы сомасы 319 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (34 414 адам), елорда тұрғындары 207 млрд-қа жуық теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (29 466 адам), алматылықтар жалпы сомасы 277 млрд-қа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

БЗТ-ін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін Маңғыстау облысының 40 пен 59 жас аралығындағы ер азаматтары жиі пайдаланған. Әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының 40 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектері көш бастап тұр.

БЗТ-ін «Отбасы банкінде» ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған 10 698 қазақстандық, қайталама нарықтан тұрғын үй таңдаған. Қалған 1 950 адам, алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген. 100-ден астам адам зейнетақы төлемдерін құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыруға жұмсаған.

27.07.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:
  • 39 102 клиент «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық)
  • 28 419 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)
  • 118 743 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу)
  • 12 424 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын  алды
  • 5 895 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
  • 2 454 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді
  • 331 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды
  • 14 813 клиент емделу ақысын төледі.


««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру