Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Заңды тұлғаларға арналған ISO 20022 стандарты туралы ақпарат

Заңды тұлғаларға арналған ISO 20022 стандарты туралы ақпарат

31 октября 2024

2024 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстанда қаржы ұйымдары арасында хабар алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандарты пайдаланылатын болады.

ISO 20022 - банктер мен қаржы институттары арасында деректер алмасудың халықаралық стандарты. Ол қаржылық транзакцияларды жүргізу кезінде қолданылатын хабарламалардың қағидалары мен форматтарын анықтайды.

Бұл стандартты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейді және коммерциялық банктер пайдаланады.

ISO 20022 стандарты бойынша қандай өзгерістер күтілуде:

2024 жылғы 11 қарашадан бастап біз «Заңды тұлғаларға арналған «ҚТҚЖБ-Onlin» интернет- банкингі» (бұдан әрі – Интернет-банкинг) жүйесін нақты төлеуші мен нақты алушы туралы ақпаратты көрсету үшін жаңа өрістерді қосу арқылы жаңартамыз. Бұл жаңарту мәтіндік файлдардан төлемдерді қолмен толтыруға да, МТ форматында жүктеуге де қатысты болады.

Интернет-банкинг арқылы төлемдер мен аударымдарды жасаған кезде сіз нақты төлеуші мен нақты алушы туралы қосымша өрістерді толтыра аласыз.

Бұл өрістер әрдайым міндетті бола бермейді (резиденттік туралы ақпараттан басқа, тек Қазақстан резиденті болып табылмайтын алушылар үшін көрсетіледі) және, егер сіздің жағдайыңыз төменде келтірілген белгілі бір мысалдарға сәйкес келсе, оларды өз қалауыңыз бойынша толтыруға болады.

Нақты төлеуші атынан төлем жасалатын адамды немесе ұйымды көрсетіңіз. Мысалы, филиал үшін салық төлеу кезінде бұл өрісте филиалдың деректемелері көрсетіледі.

Нақты алушы ақша алатын немесе оның пайдасына төлем жасалатын тұлға. Мысалы, зейнетақы жарналарын аудару кезінде бенефициар «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ болады, ал нақты алушылар шоттарына жарналар аударылатын заңды тұлғаның қызметкерлері болады.

Резиденттік елдің коды егер алушы немесе төлеуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, ҚР МЖ 06 ISO 3166-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес резиденттік елінің екі әріптік кодын көрсету қажет.

Бұл талап жалақыны басқа банктерге аудару кезінде де қолданылады. Заңды тұлғаның әрбір қызметкеріне, егер ол Қазақстанның резиденті болып табылмаса, резиденттік елінің кодын көрсету үшін өріс қосылады.

Маңызды!

  • Сіздің есептік жүйеңізге өзгерістер енгізу үшін (мысалы, 1С, SAP, MS Dynamics және т.б.), сондай-ақ MT/MX файлдарын жүктеу үшін жаңа өрістерді күйге келтіруге қажетті баптауларды орындау үшін осы жүйені қолдаумен айналысатын IT мамандарына хабарласу қажет.
  • Нақты төлеуші мен алушы туралы ақпаратты, егер олар жөнелтуші мен алушыға сәйкес келсе, көрсетпеңіз.
  • Деректемелерді көрсетудің дұрыстығы үшін төлем бастамашысы жауапты болады.
  • Толығырақ ақпаратты ISO 20022 стандарты бойынша Ұлттық Төлем Корпорациясының сайтында табуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру