Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған ҚР азаматтары мен қандастар үшін маңызды өзгерістер | Сіздерге Қазақстан Республикасының заңнамасына 14 қыркүйектен бастап енгізілетін өзгерістер туралы хабарлаймыз. Аталған өзгерістер Банкке тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға қатысты дербес деректерді жинауға және өңдеуге жеке келісім алусыз түгендеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған ҚР азаматтары мен қандастар үшін маңызды өзгерістер

Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған ҚР азаматтары мен қандастар үшін маңызды өзгерістер

10 қыркүйек 2026

Құрметті азаматтар!

Сіздерге Қазақстан Республикасының заңнамасына 14 қыркүйектен бастап енгізілетін өзгерістер туралы хабарлаймыз. Аталған өзгерістер Банкке тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға қатысты дербес деректерді жинауға және өңдеуге жеке келісім алусыз түгендеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл маңызды өзгеріс Банкке есепте тұрған барлық азаматтардың мәліметтерін толық тексеріп, өзекті әрі әділ кезектілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 24 мамырда кезектілік Банкке берілген сәттен бастап азаматтардың деректерін өзектендіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Алайда бұған дейін түгендеу жүргізу үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім талап етілетін. Осыған байланысты азаматтардың бір бөлігі мұндай келісімді ұсынбаған, бұл олардың мәліметтерін толық көлемде тексеруге мүмкіндік бермеді.

Банк есепте тұрған барлық азаматтарға түгендеу жүргізеді. Тексеру барысында отбасы құрамы, тұрғын үй жылжымайтын мүлкінің болуы және азаматтың тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұру құқығын растауға маңызы бар өзге де мәліметтер өзектендіріледі.

Түгендеудің басты мақсаты – кезекте тұрғын үй жағдайын жақсартуға шын мәнінде мұқтаж азаматтардың ғана қалуын қамтамасыз ету.

Егер тексеру нәтижесінде азаматтың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою талаптарына сәйкес келмейтін тұрғын үй жылжымайтын мүлкі бар екені анықталса, мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Заңда көзделген негіздер болған жағдайда азамат есептен шығарылуы мүмкін.

Бұл ретте тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаж және белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға түгендеудің басталуына байланысты қандай да бір қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.

Біз кезектілік мәселесінің әр отбасы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан түгендеу жүргізу ең алдымен есепке алу жүйесін барлық азаматтар үшін неғұрлым нақты, ашық және әділ етуге бағытталған.

Банк түгендеу нәтижелері және одан әрі болатын өзгерістер туралы азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар етеді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру