«Отбасы банкінде» «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаевпен және заң ғылымдарының докторы, профессор Жамаладен Ибрагимовпен кездесу өтті.
Банк ұжымымен өткен кездесуде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы нормалар мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты жыл сайынғы Жолдауы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – банк қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және Қазақстандағы негізгі конституциялық өзгерістер туралы ортақ түсінік қалыптастыру.
Сонымен қатар спикерлер Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттер мен басым бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, цифрландыруды дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелері талқыланды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!