Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

6 мамыр 2026

Пәтер сатып алу — маңызды шешім. Бұл ретте жылжымайтын мүліктің бағасы мен жағдайы ғана емес, оның заңдық тазалығы да ерекше мәнге ие.

Кей жағдайларда сатып алынатын жылжымайтын мүлік басқа қарыз бойынша кепілде болуы мүмкін, ал ауыртпалықтар туралы ақпарат мемлекеттік базаларда кешігіп көрінуі ықтимал. Сонымен қатар мәмілелерге делдалдар қатысып, олардың әрекеті әрдайым ашық бола бермейді, ал сатып алушы нысанның құқықтық мәртебесі туралы толық ақпаратқа ие болмауы мүмкін. Сондықтан мәміленің барлық егжей-тегжейін алдын ала тексеру маңызды.

Өзіңізді қорғау үшін мына кеңестерді ұсынамыз:

  • Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтың бар-жоғын ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;
  • Тек сатушының немесе делдалдардың сөзіне ғана сеніп қалмаңыз;
  • Қол қою алдында барлық құжаттарды мұқият зерделеңіз;
  • Күмән туған жағдайда банк мамандарынан кеңес алыңыз.

Біз үшін тұрғын үй сатып алу қолжетімді ғана емес, қауіпсіз болуы да маңызды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру