Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.Аталған өзгерістер зейнетақы жинақтарының артық бөлігін пайдалану мақсаты бойынша, екінші деңгейлі банктердегі берешекті ішінара немесе толық өтеуге байланысты.2026 жылдың 17 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының артық бөлігін пайдалана отырып, екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды ғана өтеуге болады. Ай сайынғы төлемге кіретін сыйақы және өзге де берешектерді клиенттер өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс.Сондай-ақ, 2026 жылдың 17 сәуірінен бастап екінші деңгейлі банктердегі берешекті ішінара немесе толық өтеу үшін БЖЗҚ қаражатын пайдалануды растау мақсатында enpf-otbasy.kz платформасына негізгі қарыз қалдығы көрсетілген несие бойынша берешектің бар екендігі туралы анықтаманың жаңа үлгісін тіркеу қажет.Отбасы банк екінші деңгейлі банктерге өз клиенттеріне негізгі қарыз қалдығы көрсетілген несие берешегі туралы анықтамаларды беру қажеттігі жөнінде тиісті хаттар жолдады.Несие берешегі туралы анықтаманың жаңа үлгісі қоса беріледі.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!