2026 жылғы 10 наурыздан бастап Baspana Market порталында (https://otbasybank.kz/) техникалық себептерге байланысты кредитті толық мерзімінен бұрын өтеу және кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу операциялары уақытша қолжетімсіз, осыған байланысты жергілікті атқарушы орган қызметкерлері «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша қызмет алушылардың өтінімін уақытша өңдей алмайды.
Қазіргі уақытта Банк кредитті толық және ішінара мерзімінен бұрын өтеу операцияларының дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін Baspana Market порталында қателерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сервистердің жұмысы жақын арада қалпына келтіріледі. Келтірілген қолайсыздық үшін кешіріңіз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
«Отбасы банк» АҚ
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!