Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Құрметті клиенттер, сақ болуларыңызды сұраймыз

Құрметті клиенттер, сақ болуларыңызды сұраймыз

27 наурыз 2026

Интернет-алаяқтар азаматтарды жалған инвестициялық платформаларға, deepfake технологияларын қолдана отырып, бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтер арқылы қаржылық алаяқтыққа белсенді түрде тартуда.

Киберқылмыскерлер екінші деңгейлі банктер мен ірі құрылыс компанияларының атынан жалған инвестициялық платформалар құрады. Deepfake технологияларының көмегімен, белгілі тұлғалардың бейнесін, бейнежазбасын немесе дауысын пайдаланып, азаматтарды алаяқтық платформаларға тартып, олардың банк карталары мен шоттары туралы мәліметтерін заңсыз иеленеді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге ақшаны қайтару қызметтері белсенді түрде жарнамалануда. Шын мәнінде, бұл – бұрыннан ақша жоғалтқан азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.

Абай болыңыздар!

Қаражатыңызды сақтау үшін:

  • күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • жеке және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
  • әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы таратылатын инвестициялық ұсыныстарды, әсіресе жоғары және кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайда, міндетті түрде тексеру;
  • алаяқтық фактілері анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну және банкке хабарлау.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру