1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламаның мәтіні жаңартылды. Енді тұрғын үйді бөлу алдында сізге мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама келеді: – «Отбасы банк» АҚ otbasybank.kz сайтында жалға берілетін тұрғын үй бойынша табыс деңгейінің сәйкестігін тексеру рәсімінен өтуге шақырады. Тексеруден 5 жұмыс күні ішінде өту қажет». Әрі қарай не істеу керек? SMS-хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде otbasybank.kz сайтында табыс деңгейінің сәйкестігін тексеруден өтуіңіз қажет. Егер табыс бойынша тексеруден сәтті өтсеңіз, келесі кезеңде Baspana Market сайтында түгендеуден өту қажет. Түгендеуден сәтті өткеннен кейін Baspana Market сайтында сізге бөлінген пәтер туралы ақпарат пайда болады. Әрі қарай, видеода көрсетілгендей, «Келісемін» немесе «Бас тартамын» батырмаларының бірін басуыңыз қажет.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!