Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері биометрия көмегімен онлайн режимде депозит аша алады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері биометрия көмегімен онлайн режимде депозит аша алады

6 марта 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өз клиенттеріне арнап жаңа қызмет түрін сынақтан өткізуде. Процесстердің барлығы толықтай жөнге келтірілгеннен кейін, баспаналы болуға ниет білдірген қазақстандықтарға пайдалануға беріледі.

Депозитті қашықтықтан ашу үшін интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар ұялы телефон, планшет немесе компьютер қажет. Сондай-ақ, жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы керек. Онлайн-режимде депозит ашу процедурасы орташа есеппен 8 минуттай уақыт алады.

Жаңа қызметті 2 ай сынақтан өткізу барысында банк өз клиенттеріне 850 жинақтау шотын ашуға және оны 24 млн.теңге сомасына толықтыруға көмектесті.

Бүгін аталған ноу-хау жөнінде банктің байланыс-орталығында өткен CRM-Day іс-шарасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы мәлімдеді. Шараға, сондай-ақ, CRM-жүйесінің іске қосылуына өз платформасын ұсынған Террасофт халықаралық компаниясының ТМД-дағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры Сергей Ломака мен қазақстандық 20 екінші дәрежелі банк өкілдері қатысты.



-Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін өткен және осы жылдарды байланыс-орталығы жұмысының автоматтандырылуымен және оның өзгеруімен байланыстыруға болады. Өйткені, ол – клиенттермен тығыз байланыс орнатудың алғашқы қадамы. Орталықтың операторлары күн сайын шамамен 10 мыңдай қоңырау қабылдайды. Клиенттеріміздің жедел әрі сапалы қызмет алуы біз үшін аса маңызды. Сол себепті, клиент қоңырауларын жоғалтпай, керісінше, олардың әрқайсысына қажетті кеңес беру үшін CRM-жүйесін ендірдік, - дейді Ләззат Ибрагимова.

CRM-жүйесі клиенттердің портреттерін жасай отырып, олардан келіп түскен өтініштерді тіркеуге мүмкіндік береді. Осы себепті, клиенттер келесі рет банкке хабарласқанда, олар жайындағы барлық ақпарат операторлардың назарына ұсынылатын болады. Бұл қызмет көрсету уақытын біршама азайтуға жол ашады.

-Біз вендор ретінде қаржы секторымен жан-жақты жұмыс жасаймыз, біздің клиенттеріміз – әлемдік компаниялар. Жыл сайын біз жобалардың рейтингін жасаймыз. Оның қорытындысы бойынша бір ай бұрын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне «ТМД-дағы процесстерді автоматтандыру жөніндегі жылдың үздік жобасы» марапатын бердік. Біздің мұндай шешім қабылдауымызға банктің тез арада CRM-жүйесін жүзеге асыруы мен оның қызметі әсер етті. Біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін Қазақстандағы стартегиялық серіктесіміз ретінде көреміз және банк клиенттерінің жылдам әрі сапалы қызмет алуы үшін түрлі сандық шешімдерді одан әрі дамытуына көмектесеміз, - дейді Сергей Ломака.

Бұған қосымша, банк клиенттеріне тәулік бойы қызмет көрсету мақсатында WhatsApp қосымшасында «Қуаныш» чат-ботын іске қосты. Бұл арна 3 ай ішінде 26,7 мың клиенттерге тиісті қызмет көрсетті.

Байланыс-орталығындағы операторлардың өз жұмысын қаншалықты білікті орындайтындығын түсіну үшін, банк қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесін ендірді. Бұл құрал операторлардың білімі мен телефон арқылы және бейне-қызмет көрсету кезіндегі олардың жұмыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру