Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі онлайн-операциялардың жаңа түрлерін енгізіп, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бөлімшелерді ашады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі онлайн-операциялардың жаңа түрлерін енгізіп, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бөлімшелерді ашады

17 сәуір 2020
Төтенше Жағдай режимінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) үйден шықпай-ақ алуға болатын онлайн-қызметтердің жаңа түрлерін енгізіп отыр.

2020 жылдың 20 сәуірінен бастап банк сайтындағы «Видеоқоңырау» сервисі арқылы клиенттер келесі қызметтерді ала алады:
 ағымдағы шот;
 реквизиттерді өзгерту (жеке куәлік, телефон, мекенжай және т.б.);
 салым шарттарын өзгерту (мерзім, сомасы);
 ағымдағы шоттан басқа Банктегі өз шотына қаражат аудару;
 салымды бөлу;
 салым туралы шартты бұзу.

- Біз клиенттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтамыз, сондықтан қорғаулы режимде ұсынылатын онлайн-қызметтердің санын арттырып отырмыз. Мәселен, видеосервис арқылы депозит ашып, оны ЖССБ24 мобильді қосымшасында онлайн толықтыруға болады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Дегенмен банк клиенттерінің бәрі бірдей онлайн-қызмет алу мүмкіндігіне ие емес. Осы себепті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ең ірі екі филиалы Нұр-Сұлтанда (2020 жылдың 20 сәуірінен бастап) және Алматыда (2020 жылдың 27 сәуірінен бастап) уақытша тоқтатылған жұмысын ары қарай жалғастыратын болады.
Нұр-Сұлтандағы (Қошқарбаев к-сі, 26) және Алматыдағы (Сейфуллин д-лы, 498) бөлімшелерде қолданыстағы өнімдер және бағдарламалар бойынша мақұлданған заемдарды беру қызметі қолжетімді болмақ. Бағалаушылар мен нотариустардың қатысуын қажет ететін операциялар бұл мамандар қызмет ұсына алған жағдайда ғана орындалады.
Елдің екі бас қаласында карантин режимі сақталатындықтан, азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың денсаулығын қорғау үшін шаралар қабылданып отыр: бөлімшеге келмес бұрын алдын-ала жазылып қою қажет. Бұл филиалдарда пайда болуы мүмкін кезектің алдын алуға, қауіпсіз ара қашықтық сақтауға мүмкіндік береді. Несие беру қызметін қамтамасыз ету үшін филиал қызметкерлері клиенттерге хабарласып, уақытын келісіп, қабылдауға жазып қояды.
- Бірінші кезекте карантинге дейін несие алуға өтініш беріп, мақұлдау алған, сатып алу-сату шартын бекітіп, кепіл шартын тіркеген клиенттерді күтеміз. Біздің мәліметтер бойынша, екі қалада мұндай жағдайдағы 35 клиент бар. Дүйсенбі, яғни 20 сәуір күні біз оларға басымдық беріп, құжаттарын соңына дейін рәсімдеуге көмектесеміз, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Елде болып жатқан соңғы оқиғаларға қарамастан, соңғы бір ай ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1 546 жаңа депозит ашылды. Оның ішінде қашықтан, видеоқоңырау бойынша рәсімделгендері де бар. Бұдан бөлек осы мерзімде банк клиенттеріне 293 заем берді.

Анықтама:
Телефон нөмірі өзгерген салымшылар бойынша реквизиттерді ауыстыру операциясы қарастырылған. Бұл Интернет-банкингті пайдалануда маңызға ие, себебі барлық операция банк смс-хабарлама түрінде жіберетін бірретік құпиясөз көмегімен жүзеге асырылады.
Ағымдағы шот несие өтеу барысында және басқа операциялар кезінде оған қаражат аудару үшін керек. Ағымдағы шоттағы ақшаны басқа кез келген екінші деңгейлі банктегі клиент шотына аударуға болады
«Салым шарттарын өзгерту» қызметі депозит бойынша оңтайлы жарнаны есептеуге, осылайша оқшаулану кезеңінде клиенттерге мүмкіндігіне қарай ақша жинауға жол ашады.
Салымды бөлу жинақ сомасын бөліп, депозит параметрлерін және банк бағдарламаларына болашақта қатысу ықтималдығын сақтай отырып, ақшаның бір бөлігін шешіп алуға мүмкіндік береді.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру