Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1,2 млн салымшысы мемлекет сыйлықақысын алды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1,2 млн салымшысы мемлекет сыйлықақысын алды

11 ақпан 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) клиенттерінің депозиттеріне 2019 жылдың қорытындысы бойынша 38 млрд теңге түсті.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 274 мыңнан астам клиенті 101 000 теңгені құрайтын ең жоғары мемлекет сыйлықақысына ие болды. 2019 жылы олар өз шоттарында 505 000 теңге, яғни 200 АЕК-ке тең қаражат жинады. Ал 200 айлық есептік көрсеткіштен жоғары ақша жинаған салымшылар сыйлықақы берілмеген жинақ бөлігі бойынша мемлекеттік сыйлықақыны 2020 жылдың қорытындысы нәтижесінде алады.
- Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне деген сенім елімізде жыл санап артып келеді. Соған байланысты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының саны да ұлғаюда. 2019 жылы банкте 406 954 жаңа депозит ашылды. Заң бойынша оларға мемлекет жыл сайын сыйлықақы бөліп отырады. Аталған бонус қазақстандықтарға баспанаға тезірек қаражат жинап, қоныс тойларын тойлауға көмектеседі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымдары банк сыйақысын қосқанда – нарықтағы ең табысты депозит. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің көлемі 14%-ға дейін жетеді, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет 1,2 млн қазақстандық азаматтың салымдарын арттыруға көмектесті. Салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 036 841 салымшысы, ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша 896 620 клиенті мемлекет сыйлықақысын алған болатын.
Ағымдағы жылы ең жоғары мемлекет сыйлықақысының мөлшері 106 040 теңгені құрайды. Оны алу үшін банктегі шотыңызды бір жыл ішінде кем дегенде 530 200 теңгеге (200 АЕК) толтыру керек. Орта есеппен салымшылар депозиттеріне ай сайын 44 000 теңгеден салып отырғандары абзал.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру