Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Алматы қалалық филиалы мен «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС Жандосов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі 95 пәтерді банк салымшыларына сату туралы келісімшартқа қол қойды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Алматы қалалық филиалы мен «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС Жандосов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі 95 пәтерді банк салымшыларына сату туралы келісімшартқа қол қойды

7 қазан 2019
Кездесу барысында «Күрделі құрылыс кәсіпорнының» бас директоры Әділ Бүрлібаев және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы қалалық филиалының директоры Гүлзат Симтикова құрылыс компаниясының басқа да нысандарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Жандосов көшесінің бойындағы тұрғын үй кешені осы келісім аясындағы алғашқы жобалардың бірі.
Тұрғын үй кешеніндегі 95 пәтердің 91-іне банк салымшылары өтінім берді. Олар Baspana.kz порталына шығарылған алғашқы күннен бастап осындай үлкен сұранысқа ие болды. Пәтерді тек 5 күнге ғана брондауға болады. Осы мерзім ішінде Банкке келіп, несиелік өтінімді беру керек. Егер салымшы 5 күн ішінде несиелік өтінімді бермесе, онда пәтерге қойылған бронь алынып, ол пәтерді басқа салымшы брондай алады. Пәтерлерге қатысты барлық өзгерістер үнемі Baspana.kz порталында жаңартылып отырады.
17 қабатты тұрғын үй кешені Әуезов ауданындағы Сүлейменов және Щепкин көшелерінің аралығында Жандосов көшесінің бойында орналасқан. Барлық пәтерлер таза әрлеуде, тұрғын үй пайдалануға толық берілген. Қазіргі таңда құрылыс компаниясы тұрғын үйге іргелес аумақты аббатандырумен және коммуникацияларды қосумен айналасуда.
Пәтерлердің аумағы 46,1 ш.м.-118,8 ш.м. аралығында. Тұрғын үй құны – 13 552 000 теңгеден 34 095 600 теңгеге дейін (пәтердің орналасқан қабаты мен жоспарына байланысты 1 ш.м. құны – 260 000-350 000 теңгені құрайды). Несиенің жылдық мөлшерлемесі 7%, алдағы уақытта 3,5-5%-ға дейін төмендейді. Бастапқы жарна заем сомасының 50%-ын құрайды. Бұған қоса, пәтерді депозитте кемінде 500 000 теңге болған жағдайда брондауға болады.
Жандосов көшесіндегі тұрғын үй кешені мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен әріптестікте сатылатын нысандар туралы барлық ақпарат Baspana.kz порталында жарияланған. Аталған порталда сіз, сондай-ақ, пәтер сатып алу үшін өтінім бере аласыз.



Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру