Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан қор биржасында облигацияларын орналастырады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан қор биржасында облигацияларын орналастырады

11 шілде 2019
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолданыстағы және жаңа тұрғын үй бағдарламаларын қорландыру мақсатында Қазақстан қор биржасында 20 млрд теңге сомасындағы купондық облигацияларды орналастырады. Облигациялардың кірісі жылдық 9,5%-10,5%-ды құрайды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі - 7 жыл. Қор биржасы алаңындағы сауда 2019 жылдың 17 шілдесінде өтеді.

Бұл туралы инвесторлармен өткен кездесу барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Бұл кездесу KASE алаңында Эмитент күні шеңберінде ұйымдастырылды.



- Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 16 жыл. Осы уақыт аралығында ол барынша нығайып, қазіргі сәтте қазақстандық нарықтың көшбасшысы саналады. Банк өнімдерінің арқасында шамамен 200 мыңдай салымшы қоныс тойын атап өтті. Ал тағы 1,4 млн қазақстандық 692,3 млрд теңге көлеміндегі өз қаражатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтауда. Оларға қолжетімді банк құралдары мен жаңа тұрғын үй бағдарламаларын ұсыну үшін банк қор жинаудың баламалы көздерін тартып, банк тарихында алғаш рет өз облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастырады, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Өткен жылы, банк «Әскери баспана» атты өзінің жеке тұрғын үй бағдарламасын іске қосу үшін 98 млрд теңге қаражат бөлген. Олардың 48 млрд теңгесі банкке тиесілі болса, ал 50 млрд теңгесіне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облигациялар шығарып, оларды «Астана» Халықаралық қаржы орталығының биржалық алаңында орналастырды. Жалпы алғанда, екі жыл ішінде «Әскери баспана» бағдарламасы 6 194 әскери қызметкерлердің өз баспаналарына қол жеткізуіне көмек көрсетті.



Қазіргі сәтте банк 253,3 млрд теңге сомасына 23 657 займ берді. ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сай, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдың 5 айы ішінде қазақстандық ипотеканың 52%-ын берді. Бұған қоса, несиелік портфельдің ең жоғарғы сапасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде. NPL (90 күннен астам мерзімі өткен несие) 0,18%-ға тең.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеке капиталының көлемі бойынша екінші орында және қазақстандық 28 банктің арасында активтер мөлшері жағынан сегізінші орында.

Қазіргі сәтте банк «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты – Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие беру бағдарламасын («Бақытты отбасы») іске қосуға дайындық үстінде. Бұл бағдарлама халықтың ең осал топтары, яғни, көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна мөлшері пәтер бағасының 10%-ын құраса, займ мөлшерлемесі 2%-ға тең. Несие беру мерзімі – 20 жылға дейін.

Бақытты отбасы банкке 50 млрд теңге мөлшерінде қаражат түскеннен кейін іске қосылады. Несиелендіруге бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қарастырылған.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру