Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
ТҮҚЖБ клиенттері банк кеңесшілері арқылы несиелендіру үшін құжаттар өткізе алады

ТҮҚЖБ клиенттері банк кеңесшілері арқылы несиелендіру үшін құжаттар өткізе алады

22 июня 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз клиенттерімен қатар, жаңадан келетін клиенттерге арнап жаңа қызмет түрін іске қосты. Енді тұрғын үй жағдайын жақсартуды жоспарлап жүрген салымшылар заемды рәсімдеу үшін құжаттарды банк кеңесшілері арқылы тапсыра алады. Бүгінгі күні 500 кеңесші осы жаңа мүмкіндікке ие болды, олардың саны алдағы уақытта арта түспек.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде заем рәсімдеу үшін, салымшы өзіне лайықты үй тауып, тек екі құжатты* жинауы қажет, олар:
-жеке куәлік
-кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп**.
Займды рәсімдеу мақсатында құжаттарды өткізу үшін, www.hcsbk.kz сайтында кіру керек. Ондағы «Кеңесшілер» бөлімінде несиелендіру үшін құжаттар қабылдайтын кеңесшілердің тізімін ашу қажет. Сол тізімнен кеңесшіні таңдап, оны өзіңізге ыңғайлы уақыт пен орынға шақыру қажет. Кеңесші клиент туралы мәліметтерді автоматтандырылған жүйеге енгізіп, займ бойынша алдын ала шешім шығарады. Займды рәсімдеу үшін құжаттарды тапсыруға бар-жоғы 10 минуттай уақыт кетеді.
*Банк қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
** Кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп тек алдын ала төлемқабілеттілігін бағалаудан өткеннен кейін ғана жасалады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру