Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа Басқарма мүшесі тағайындалды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа Басқарма мүшесі тағайындалды

17 қаңтар 2020
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасары болып Исламбек Қайырбеков тағайындалды.




Бұған дейін бұл лауазымда Досым Еңкебаев қызмет атқарған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа Басқарма мүшесі банктің Директорлар кеңесі отырысында тағайындалып, өз қызметіне 2020 жылдың 17 қаңтарынан бастап кіріседі.

Исламбек Қайырбеков еңбек жолын 2000 жылы «Цеснабанк» АҚ зейнетақы қорындағы несиелік бөлімнің маманы қызметінен бастады. 2004-2007 жылдар аралығында ол несиелік бөлім басшысы мен Павлодар филиалы корпоративтік бизнес басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2007 жылдың тамызынан бастап желтоқсан айына дейін Исламбек Қайырбеков Павлодар қаласындағы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2008-2010 жылдары Исламбек Қайырбеков «Нұрбанк» АҚ Кіші және орта бизнес клиенттерімен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы қызметін, сондай-ақ, Павлодар қаласындағы банк филиалы директоры орынбасарының міндетін атқарды.

2010 жылы Исламбек Қайырбеков «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да Павлодар облысы бойынша өңірлік филиал басшысы, Алматы қаласындағы мониторинг департаменті мен кепілдендіру департаменті директоры және де Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік филиал директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі сәтке дейін Исламбек Қайырбеков Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде Басқарушы директор қызметін атқарды.

Жаңа лауазымда ол банктің тәуекел-менеджмент, ішкі бақылау және ахуалдық мониторинг бөлімдеріне жетекшілік етеді.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру