Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттерді онлайн-табыстаудың жаңартылған нұсқасын іске қосты

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттерді онлайн-табыстаудың жаңартылған нұсқасын іске қосты

26 қараша 2019
Бұған дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бұл қызмет салымшылардың шоттарын сату жөніндегі аукцион түрінде болатын. Алайда, ол жаңартылғаннан кейін, ыңғайлы интерфейсі мен клиенттерге арналған өте түсінікті шарттары бар депозиттердің онлайн-дүкеніне айналды.
Ең бастысы, енді сатып алушылар үшін депозиттерге қол жеткізу принциптері өзгертілді. Егер бұған дейін олар ұсынылған депозиттердің ішінен ең бағалысын өздігінен таңдаса, енді мұны жасау үшін банк көмек көрсететін болады.
Сатып алушы тек екі параметрді, яғни, баспананы қандай бағаға сатып алғысы келетіні мен несиені қандай мерзімге рәсімдегісі келетінін таңдаса жеткілікті.
Осы параметрлер негізінде жүйе автоматты түрде сізге лайықты бірнеше нұсқаны іріктеп алады. Ал клиент тек қажетті шотты таңдап, баспананы сатып алуға келісімін беруі керек.
-Біз өз клиенттерімізге жағдай жасау үшін онлайн-табыстаудың жаңа үлгісін іске қостық. Бұған дейін бұл опция салымшылар арасында үлкен сұранысқа ие болғанымен, оны пайдалану біраз қиындықтар тудыратын. Сол себепті біз аталған қызметті жетілдіріп, оны қолдану жағын жеңілдеттік. Жаңартылған онлайн-табыстау қызметі пилоттық режимде Тараз, Қостанай, Ақтөбе және Павлодар қалаларында іске қосылатын болады. Cынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, бұл қызметті Қазақстанның бүкіл аймақтарындағы банк клиенттері қолдана алады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Депозиттер шынымен де сатып алушының қызығушылығын тудыруы үшін, оны сатушы тұлға кемінде 100 айлық есептік көрсеткішті (252 500 теңге) құрайтын сомасы бар шотты сатуға қоя алады, аталған салымға 8 000 теңге және одан да көп мөлшерде банк сыйақысы түседі.
Онлайн-дүкенде депозитті сату үшін ең көп дегенде 7 жұмыс күні беріледі. Егер осы уақыт ішінде шот сатылмаса, онда оны қайтадан сатуға қоюға болады.
Мәмілені жасаудың барлық процесі онлайн түрде жүргізіледі. Ол үшін мәмілеге қатысушылардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шоттары болуы тиіс. Сондай-ақ, сатып алушының ағымдағы шотында депозитті сатып алуға қажетті қаражат сомасы болу керек.
Онлайн-табыстау «ЖССБ24» интернет-банкингінде тіркелген барлық салымшылар үшін қолжетімді. Депозитті сатып алу – банктің ақылы қызметі. Ол үшін алынатын комиссия мөлшері жинақталған қаражат сомасының 0,5%-ын құрайды. Ол сатып алушыдан алынады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру