Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Корпоративтік» өнімі бойынша компания қызметкерлерін несиелендіретін болады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Корпоративтік» өнімі бойынша компания қызметкерлерін несиелендіретін болады

26 қыркүйек 2019
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұсынатын жаңа өнім түрі - «Корпоративтік» деп аталады. Ол жеке компаниялар, кәсіпорындар, мемлекеттік және коммуналдық ұйымдар ұжымын жеңілдетілген шарттар бойынша несиелендіруге бағытталған.
Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова астаналық компания басшыларына аталған өнім шарттары жайлы баяндады.
- Банктің жаңа өнімі бұдан да көп тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл орайда біз мемлекеттік бағдарламалардың ресурстарын қолданбаймыз, керісінше олардың жүзеге асырылуын жеңілдетеміз. Өнім жеке сектордың қаражатын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тартуға жол ашады. Корпоративтік несиелендіру түрі бұған дейін бірлі-жарым жағдай ретінде орын алса, бүгінде аталған бағыт бойынша біздің тәжірибеміздің мол екендігін атап өткен жөн. Осыған ұқсас схема бойынша банк Алматы қаласы прокураторасы, сондай-ақ, Петропавл және Шымкент қалаларындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетті. Қазірдің өзінде бізге өз қызметкерлерінің баспана мәселесін шешуге қатысты өтінішпен түрлі ұйымдар хабарласуда. Сондықтан, біз арнайы «Корпоративтік» атты жаңа өнімді жасап шығаруды жөн көрдік. Ол еңбек ұжымдарын жеке тұрғын үймен қамтып қана қоймай, сондай-ақ, ертеңгі күнге сенімі мол түрлі салалардағы жоғары білікті мамандар корпусын құруға жол ашады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Жаңа өнім шарттары бойынша алдын ала заемды бастапқы жарнасы 0 пайызды құрайтын жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен алуға болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жеке несие беру барысында осы секілді алдын ала заемдарды бастапқы жарна мөлшері 20 пайызды құрайтын жылдық 7 пайыз мөлшерлемемен береді.
«Корпоративтік» атты жаңа өнімді пайдалану үшін, ұйым өз қызметкерлерінің заемдарына 100 пайыз көлемінде қор жасау үшін қажетті қаражаттың болуын қарастыруы тиіс.
Бұл жағдайда несиелендіру механизмі төмендегідей болады:
1. Ұйым ақшаны банктегі өз шотына құяды. Аталған қаражат кепіл ретінде есептелініп, олар бойынша алдын ала заемдар беріледі.
2. Егер «Корпоративтік» өнімді жергілікті атқарушы органдар пайдаланса, ондай жағдайда жергілікті әкімдік банкке 8 жылға дейінгі мерзімге шақтап бюджеттік несиені ұсынады.
3. Қор жинау үшін арналған қаражатты банкке аударғаннан кейін, ұйым жеңілдетілген несиеге үміткер қызметкерлер тізімін жолдайды. Банк олардың несиені төлеу қабілеттілігін тексеріп, тұрғын үйді сатып алулары үшін алдын ала заем түрін береді. Алдын ала заем 8 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Заемның ең максималды сомасы 45 млн.теңгені құрайды.
Қарыз алушылар тұрғын үй заемына өтісімен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қор жинау үшін қажетті қаражатты ұйымға қайтарып береді.
«Корпоративтік» өнімінің аясында ұйымдар тұрғын үй сертификаттары механизмдерін мысалға ала отырып, өз қызметкерлерінің алғашқы жарналарын төлеп берулеріне болады.
Сонымен қатар, банк 60 пайызға 40 пайыз қағидасы бойынша корпоративтік несие беру үшін заемдарға қор жинау процесіне қатысуға әзір. Яғни, қаражаттың 40 пайызын банк бөлсе, ал 60 пайызын ұйымдар береді. Бұл жағдайда заемдарды алу шарттары да өзгереді. Оларды пәтер бағасының 10 пайызы болған жағдайда, жылдық 8 пайызбен мөлшерлемемен алуға болады.

Қор жинау көзі

Банк - 0%     

Ұйым - 100% 

Банк - 40% 

Ұйым - 60%

Бастапқы жарна

0%

 

10%

 

Несиелендіру мөлшерлемесі

5%

8%

Алдын ала заем мерзімі

6 айдан бастап 8 жылға дейінгі мерзімі қоса алғанда

Тұрғын үй заемы мерзімі

25 жылға дейін

Заем сомасы

45 млн. тг.дейін


«Корпоративтік» өнімі шеңберінде қарыз алушылар тұрғын үйді өз бетінше іздейді. Кей жағдайда ұйым өз қызметкерлерінің тұрғын үйді айтарлықтай арзан жолмен сатып алулары үшін, жер телімін бөліп, тұрғын үй салуға немесе құрылыс салушыларды іздестіріп, табуына болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру