Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Р.Қошқарбаев пен А104 көшелерінің қиылысында кіріктірілген үй-жайы мен автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (жобалық атауы)», Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы (оң жағы), Р.Қошқарбаев және А104 көшесі маңында орналасқан. Нысан коды 1720.
Үй пайдалануға берілді.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 220 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 11.10.2021 ж. бастап 18.10.2021 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 19.10.2021 жыл.
Өтініштер тек ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!