Отбасы банктің салымшылары 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің 138 000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары сыйлықақысын алады | Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы төленеді. Қазақстанда бұл жүйені Отбасы банк жүзеге асырады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банктің салымшылары 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің 138 000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары сыйлықақысын алады

Отбасы банктің салымшылары 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттің 138 000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары сыйлықақысын алады

15 қараша 2023

Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы төленеді. Қазақстанда бұл жүйені Отбасы банк жүзеге асырады.

Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады.

Мемлекет тарапынан 20% көлемінде бонус алуға үлгеру үшін Отбасы банктің салымшылары ағымдағы жылдың 29 желтоқсанына дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс.

- 20 жыл бойы біз қазақстандықтарға үнемшілдікті үйретіп келеміз. Жинақтау мүмкіндігі 480 мыңнан астам қазақстандық отбасыға тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Жақын арада қоныс тойын атап өту үшін тағы 2,7 млн қазақстандық ақша жинақтап жатыр. Бұл мәселеде оларға мемлекеттің көмектесетіні де маңызды. Сыйлықақы төлеуге арналған қаражат жыл сайын республикалық бюджетте көзделеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,9 млн қазақстандық 75 млрд теңге көлемінде мемлекет сыйлықақысын алды, - деп түсіндірді Отбасы банктің Алматы қалалық филиалының директоры Данагул Тусупова.

Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ескергенде Отбасы банктегі депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 14%-ға жетуі мүмкін.

Мемлекет сыйлықақысы бұрын көтермеленбеген жинақтарға ғана есептеледі. Яғни, жыл сайын ағымдағы жылы жасалған жинақтар мен өткен жылы көтермеленбеген жинақтардың қалдығы есепке алынады.

Егер бір салымшының банкте бірнеше депозиті болса, онда мемлекеттің сыйлықақысы олардың біреуіне ғана есептеледі.

Егер Отбасы банктің салымшысы өз жинақ ақшасын алып қоюға шешім қабылдаса және үш жылдан аз мерзім бойы жинақтаған депозитін жапса, онда мемлекеттің есептелген сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.

Отбасы банктің «Отбасылық пакеті» шеңберінде өз кірісіңді ұлғайтуға болады. Ол үшін Сіз отбасының бірнеше мүшесіне депозит ашуыңыз керек, сонда сыйлықақы әр салымға есептеледі. Мысалы, егер отбасы айына белгілі бір соманы үнемдеуді жоспарлаған болса, онда отбасы оны «Отбасылық пакет» шеңберінде бірнеше салым арасында бөлу арқылы әр салым үшін мемлекет сыйлықақысын алатын мүмкіндікке ие болады. Содан кейін қажетті соманың жинақталуы тезірек болады.

Банк салымшысы жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір отбасының барлық шоттарын біріктіріп, қарыз алуға болады. Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін ең қолжетімді қарыз түрі – тұрғын үй қарызы. Мұндай қарыз шотта кемінде 3 жыл мерзім ішінде тұрғын үй құнының кемінде 50%-ы жинақталған жағдайда беріледі. Қалған соманың 50%-ын клиент жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлеме (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) бойынша алады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру