Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк Жамбыл облысында жарылыстардан қаза тапқандардың отбасыларына несиелік төлемдерін кешірді

Отбасы банк Жамбыл облысында жарылыстардан қаза тапқандардың отбасыларына несиелік төлемдерін кешірді

17 қыркүйек 2021

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қайғылы оқиғадан көз жұмған екі азаматтың тұрғын үй сатып алуға алынған несиелері болған. Бүгінгі күні олардың жалпы қарызы 16,6 млн теңгеге тең. Отбасы банк Басқармасы қаза тапқандардың отбасыларына несиелерін кешіру туралы шешім қабылдады.

- Қайғылы оқиға 16 адамдың өмірін қиды, олардың дені отбасыларының жалғыз асыраушысы болатын. Қаза тапқандардың әйелдері мен балаларына қолдау көрсету мақсатында біз олардың банк алдындағы қарызын жоюды шештік. Жамбыл облысындағы жарылыстарда көз жұмған азаматтар барлығымыз үшін нағыз батырлар. Кезінде олар балалары жылы әрі жайлы жерде өсіп, қиындық көрмесі үшін Отбасы Банкі арқылы баспана сатып алды. Солайынан жалғаса берсін, қайғы-қасірет олардың әулеттерін бұдан былай айналып өтсін. Банк ұжымы марқұмдардың отбасыларына тағы да көңіл айтады, - деді "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Сондай-ақ банк төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсетуге дайын. Олардың жетеуінде Отбасы банкінде несиелері бар. Бұл отбасылар ай сайынғы төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін ала алады. Ол үшін клиенттер банктің Жамбыл облыстық филиалына жолығып, өтініш жазулары қажет.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру