Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасы бойынша келесі траншты мерзімінен бұрын тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасы бойынша келесі траншты мерзімінен бұрын тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр

31 тамыз 2026

«Ұмай» бағдарламасы қазақстандық әйелдер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша ағымдағы транш бойынша лимит толық игерілді. Осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылды.

Айта кетейік, мақұлданған кредиттік өтінім үш ай бойы жарамды.

Қазіргі уақытта «Отбасы банкі» Азия даму банкімен (АДБ) ынтымақтастық аясында келесі траншты мерзімінен бұрын тарту мәселесін пысықтап жатыр.

АДБ-мен жасалған Меморандумға сәйкес «Ұмай» бағдарламасы мен «Жасыл ипотеканы» қаржыландыруға барлығы 90 млрд теңге тарту жоспарлануда.

Келесі транш бойынша өтінімдерді қабылдау қайта басталғаны туралы «Отбасы банкі» қосымша хабарлайды.

Өзекті ақпаратты банктің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан қадағалаңыздар.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру