Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы Банк» клиенттерінің шоттарына 50 млрд теңгеден астам мемлекеттік сыйлықақы аударылды

«Отбасы Банк» клиенттерінің шоттарына 50 млрд теңгеден астам мемлекеттік сыйлықақы аударылды

15 ақпан 2021

Баспасөз мәлімдемесі

«Отбасы банк» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 490 800 салымшысы мемлекеттен жалпы сомасы 50 млрд теңгеден астам сыйлықақыға қол жеткізді.

111 120 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны банктің 317 756  клиенті алды. Бұл салымшылар 2020 жылы шоттарына кемінде 555 600 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған. Депозитіне одан да жоғары қаражат сомасын аударған клиенттер сыйлықақы төленбеген жинақ сомасы бойынша 20 пайыздық мемлекеттік бонусты 2021 жылдың нәтижесі бойынша алатын болады.

«Отбасы банк» – салымшылары мемлекеттік сыйлықақы алатын Қазақстандағы жалғыз банк. Жыл сайын бұл сыйлықақының көлемі артып келеді. Мысалы, банк жұмысын бастаған алғашқы жылы оның көлемі 10 464 теңге болса, он үш жыл бұрын, 2008 жылы 46 720 теңгеге дейін жетті, ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша банк клиенттері 111 120 теңге көлемінде ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақы алды. Тағы бір маңызды дүние бар! Банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны қоса алғанда, «Отбасы банк» депозиттері жылдық мөлшерлемесі 14%-ға дейін баратын жоғары табыстылық көрсетіп отыр, - деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Осы жылдың қорытындысы бойынша 116 680 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны алу үшін банк салымшыларына шоттарына кемінде 583 400 теңге (200 АЕК) жинаулары қажет. Ол үшін банк салымшыларына ай сайын орта есеппен 49 000 теңге аударып отырған абзал.

Ал «Отбасы банк» клиенті көбірек қаражат сомасын жинап, депозит табыстылығын арттырамын десе, отбасы мүшелерінің атына бірнеше депозит ашып, оларға қаражатты теңдей бөліп, салып отыра алады. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы ашылған әр шот бойынша төленеді. Ал тұрғын үй заемын алуға қажетті сома жиналған кезде, шоттарды біріктіріп, баспана сатып алуға болады. Бұл опцияны «Отбасы банкінде» «Отбасылық пакет» деп атайды.

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Қосымша ақпарат 300 нөмірі бойынша

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру