Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк клиенттері қарыздарды ішінара-мерзімінен бұрын өтеуді онлайн жүргізе алады

Отбасы банк клиенттері қарыздарды ішінара-мерзімінен бұрын өтеуді онлайн жүргізе алады

19 наурыз 2021

Баспасөз мәлімдемесі

19 наурыздан бастап Отбасы банк жаңа қызметті, атап айтқанда банк бөлімшелеріне бармай-ақ, қарыздарды ішінара-мерзімінен бұрын өтеуге өтініштерді онлайн қабылдауды енгізіп жатыр.

Қарызды онлайн ішінара-мерзімінен бұрын өтеуді біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен және жеке қаражат есебінен жүзеге асыруға болады. Рәсімдеу кезінде клиентке растау үшін қарызды өтеудің жаңартылған кестесі ұсынылады. Ал толық және мерзімінен бұрын өтеу банк бөлімшелерінде жүзеге асырылады

"ЖССБ 24" мобильдік қосымшасы арқылы ішінара өтеуді жүзеге асыру үшін:
1. ЖССБ 24 қосымшасын Apstore немесе Playmarket-те жаңарту.
2. "ЖССБ 24" қосымшасына тіркелу.
3. "Операциялар" қосымша бетінде "Қарыздарға" өту және "Мерзімінен бұрын өтеуді" таңдау.
4. Мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғыңыз келетін қарызды таңдау.
5. Қолжетімді шотты таңдап, өтеу сомасын көрсету. БЗТ шотын таңдау кезінде өтінішті көрсету қажет.
6. Өтеу сомасын бөлу есебімен танысу.
7. Ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған өтінішпен танысу.
8. Операцияны растау үшін бір реттік SMS-кодты енгізу.
9. Жаңартылған өтеу кестесімен танысу.
10. Кестеге қол қою үшін тағы бір SMS кодын енгізу керек.
11. Осы қадамдардан кейін операция бойынша құжаттарды жүктеу қолжетімді болады, сондай-ақ, қызмет сапасын бағалау ұсынылады.

Интернет-банкинг арқылы ішінара өтеуді жүзеге асыру үшін:
1. Интернет-банкингте тіркелу.
2. Мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғыңыз келетін қарызды таңдау.
3. Қарыз карточкасында қолжетімді операциялардан "Мерзімінен бұрын өтеуді" таңдау қажет.
4. Қолжетімді шотты таңдап, өтеу сомасын көрсетіңіз. БЗТ шотын таңдау кезінде өтінішті көрсетіңіз.
5. Өтеу сомасын бөлу есебімен танысыңыз.
6. Ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған өтінішпен танысу керек.
7. Ұялы телефонға жіберілген бір реттік SMS кодын енгізіңіз.
8. Жаңартылған өтеу кестесімен танысыңыз.
9. Кестеге қол қою үшін тағы бір SMS кодын енгізіңіз.
10. Осы қадамдардан кейін операция бойынша құжаттарды жүктеу қолжетімді болады, сондай-ақ, қызмет сапасын бағалау ұсынылады.

Тұрғын үй төлемдері бойынша арнайы шот және ағымдағы шот үшін негізгі борышты өтеу сомасы 50 000 теңгеден кем болмауы тиіс, ал БЗТ арнайы шоты үшін сома маңызды емес. Қарызды біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен өтеу кезінде мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл алынбайды. Қарызды өз қаражаты есебінен ішінара мерзімінен бұрын өтеген кезде комиссиялар белгіленген тарифтерге сәйкес алынады.

"Біз клиенттерге қамқорлық танытып, онлайн режимінде көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту үшін қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Соңғы жылдары цифрландыру аясында біздің IT-команда Банктің онлайн-сервистерін – интернет-банкингті, мобильді қосымшаны, бейне-банкингті дамытуда үлкен серпіліс жасады. Олар карантин кезеңінде ерекше сұранысқа ие болды, бұл кезде азаматтарға өзін және жақындарын қорғау, қоғамдық орындарға баруды азайту өте маңызды еді. Біз клиенттердің пікірлері мен тілектерін ескере отырып, бірінші кезекте сұранысқа ие қызметтерді енгізуге тырысамыз. БЗТ пайдалануға берілген өтінімдердің басым бөлігі ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге бағытталғандықтан, біз оны онлайн жасауға мүмкіндік беретін тәсіл әзірледік", - деп атап өтті "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Маңызды:
Онлайн-өтеуге кейбір шектеулер қолданылады. Өтелмейтін нәрселер:
- қайта құрылымдалған берешегі бар қарыздар;
- қосалқы қарыз алушы (- лар) бар қарыздар;
- қарыз сомасының 90%-нан астам берешегі өтелген жағдайда, қарыздың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар ұсынылмаған қарыздар;
- жер учаскесін сатып алу мақсатында берілген қарыздар; жөндеу және жаңғырту, қайта қаржыландыру (БЗТ қаражаты есебінен);
- Жеңіл-2 аралық тұрғын үй заемдары;
- әрекетсіз салық төлеушілер базасында орналасқан клиенттердің қарыздары;
- клиенттің шоттары бойынша бұғаттау (тыйым салу, бұғаттау, ТҚП) бар қарыздар.

Жоғарыда аталған қарыздарды банк бөлімшелерінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге болады.

    ***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру