Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк Blockchain арқылы кепілді онлайн тіркеу қызметін іске қосты

Отбасы банк Blockchain арқылы кепілді онлайн тіркеу қызметін іске қосты

5 қазан 2021

Баспасөз мәлімдемесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі, ҚР Әділет министрлігі және Отбасы банкімен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызметке Blockchain технологиясын енгізді.

Енді ипотеканы рәсімдейтін қазақстандықтар кепіл шартымен baspana.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде таныса отырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын мемлекеттік тіркеу туралы нәтиже хабарлама түрінде банк сайтындағы және eGov порталындағы жеке кабинеттерге келіп түседі.

«Бұрын азаматтар кепіл шартын тіркеу үшін банктен құжат алып, оны ХҚО-ға апаруы тиіс болатын. Халыққа қызмет көрсету орталығында ол шарт тіркелген соң, клиент ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге оны банкке ұсынатын. Енді Blockchain технологиясының арқасында бұл процесс автоматтандырылды. Банк пен ХҚО арасында жүрудің қажеті болмайды, қажетті құжаттарды банк ХҚО-ға өзі жібереді» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Әділ Қожықов.

Жылжымайтын мүлік кепіл шартын онлайн тіркеу қызметін автоматтандыру – банк клиенттеріне бұл процесті 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Отбасы банк тарапынан жылжымайтын мүлік кепілінің шарттарына қол қоюға және тексеруге жұмсалатын операциялық шығындар да қысқарады.

«Отбасы банкінде Blockchain қолдану арқылы кепілді онлайн тіркеу мүмкіндігі екі апта бұрын қосылды. Клиенттеріміз бұл мүмкіндікті көптен бері күтті. Бұған қарыз алушының «несие тарихы» дәлел. Онлайн қызметті іске қосудың алғашқы күні банкте көп балалы ананың «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеуі өтті. Оның қосалқы қарыз алушысы – басқа қалада тұратын қызы. Ол келіп, қажетті құжаттарға қол қоя алмады. Сондықтан банк қызметкерлерінің жаңа қызметті бірінші болып сынап көру ұсынысына клиентіміз бірден келісе кетті. Қажет болғаны – тек электрондық цифрлық қолтаңба. Бүгінде біз осындай 100-ге жуық кепіл шартын тіркедік», – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Blockchain жүйесі – бұл деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратын жеке-жеке блоктардан тұратын тізбек жүйесі. Ол жолданатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Азаматтарға арналған үкімет аталған инфрақұрылымды барлық банкке ұсынуға әзір. Қазір бірнеше банк тарапынан осы жобаға қосылу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру