"Отбасы банк" АҚ "AQYL" білім беру жинақтау салымдарының шарттарын қайта қарастырады | 2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы №67-V Заңына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер қатысушы-банктерде ашылатын білім беру жинақ салымдарының шарттарына әсер етеді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
"Отбасы банк" АҚ "AQYL" білім беру жинақтау салымдарының шарттарын қайта қарастырады

"Отбасы банк" АҚ "AQYL" білім беру жинақтау салымдарының шарттарын қайта қарастырады

18 сәуір 2025

2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы №67-V Заңына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер қатысушы-банктерде ашылатын білім беру жинақ салымдарының шарттарына әсер етеді.

Атап айтқанда, салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу тәсілдері, салымның ең аз мерзімі және бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері өзгертілді. Банктер енді білім беру жинақ салымдарының ең аз мерзімі мен бастапқы жарнасының ең төменгі мөлшерін өздері белгілей алады. Сонымен қатар, салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейіне тікелей байланысты болады.

Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап білім беру жинақ салымдарына мемлекет бастапқы капитал ретінде қосымша қаражат аудара бастайды. Бұл капитал мемлекеттік сыйақымен бірге салымшылардың жинақтарын көбейтуге көмектеседі. Бастапқы капитал баланың 5 жасқа толған кезінде есептеледі.

Осы өзгерістерді енгізу рәсімдерін жүргізу үшін "Отбасы банк" АҚ "AQYL" білім беру жинақ салымдарын ашуды тоқтата тұру мерзімін 2025 жылдың 11 мамырына дейін (қоса алғанда) ұзартады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру