Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
"Наурыз" бағдарламасы мен "Наурыз жұмыскер" бағыты 4000 қазақстандыққа қоныс тойын атап өтуге көмектесті

"Наурыз" бағдарламасы мен "Наурыз жұмыскер" бағыты 4000 қазақстандыққа қоныс тойын атап өтуге көмектесті

13 маусым 2025

2025 жылы "Наурыз" бағдарламасы бойынша 2 499 қазақстандық тұрғын үй сатып алды, тағы 1500 жұмысшы кәсіп өкілдері "Наурыз жұмыскер" жаңа бағытының арқасында баспаналы болды.

Аталмыш бағдарламалар аясында қоныс тойын Астана қаласының тұрғындары жиі атап өтті, онда 1 336 заем берілді. Алматыда "Наурыз" бағдарламасының 515 қатысушысы тұрғын үй сатып алды, Шымкентте 459 қарыз берілді.

"Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша қолжетімді несиелердің 60%-дан астамын өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы жұмысшы кәсіптерінің өкілдері алды, қарыздардың 19%-ы көлік саласының өкілдеріне және 14%-ы энергетика саласының қызметкерлеріне берілді.

"Наурыз" бағдарламасына қатысушыларға кредит беру үшін банк KASE-де әлеуметтік облигацияларды орналастыру арқылы қаржыландыру тартты.

Биыл банк облигацияларды биржада екі рет орналастырып, 85,02 млрд теңге тартты. Бұл ретте "Наурыз" бағдарламасы бойынша үш айдың ішінде қатысушыларға жалпы көлемі 105,8 млрд теңге сомасына қарыздар берілді.

Бағдарламаға деген сұраныстың жоғары болуына байланысты, оның шеңберінде қарыз беру қаржыландыру жоспарынан озып отыр. Сондықтан банк заемдар беруге уақытша лимит енгізеді.

Ағымдағы айда кепіл шартын тіркеген, заем кестелері мен шарттарына қол қойған қатысушылар қарыз алады. Қалған өтінімдерге келесі айда жаңа лимит ашылған кезде қызмет көрсетіледі.

Маңызды:

  • құрылыс салушыдан брондалған пәтерлер клиенттердің атында қалады;
  • берілген мақұлдаулар бойынша барлық міндеттемелер сақталады;
  • банк заем алу сатысында тұрған әрбір клиентпен байланысады және қарыз беру қайта басталғаны туралы хабарлайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру