Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Наурыз мейрамы қарсаңында Ақтөбе қаласының 50 тұрғыны «Жастар» бағдарламасы бойынша пәтер кілтін алды

Наурыз мейрамы қарсаңында Ақтөбе қаласының 50 тұрғыны «Жастар» бағдарламасы бойынша пәтер кілтін алды

20 марта 2019
Бұл туралы бүгін Ақтөбе қаласында өткен Жастар істері жөніндегі кеңесте белгілі болды. Аталған іс-шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, оқу орындарының басшылығы, кәсіпкерлер, студенттер мен қала жастары қатысты.

 

«Жастар» бағдарламасына қатысушыларға баспана кілті мерекелік шарадан кейін табысталды. Олардың әрқайсысы «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында орналасқан бір бөлмелі пәтер иесі атанды.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында жастардың жұмыс өтілінің шағын және табысының аздығы ескеріліп, оларға баспананы алдағы уақытта сатып алуға болатындай етіп, жалға беру мүмкіндігі ұсынылды. Яғни, бағдарламаға қатысушы сол пәтерде тұрып-ақ, 6 жыл ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі өз депозитінде тұрғын үй ауданы бағасының 50 пайызын жинауы қажет. Ол үшін ай сайын шотқа шамамен 35 000 теңгеден салып отыру керек. Қаражатты жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін, қалған 50 пайызды банк жылдық 4,2 пайыз мөлшерлемемен несиеге беретін болады.

«Жастар» тұрғын үй бағдарламасын Ақтөбе қаласының әкімдігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Жастар саясаты басқармасымен бірлесе отырып, бюджеттік сала қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында әзірлеген.

Жалдамалы тұрғын үйге үміткерлердің тізімін жергілікті әкімдік жасақтайды. Осы бағытта басымдық негізінен мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне беріледі. Олар төмендегі талаптарға сай болулары тиіс:
- Бағдарламаға қатысушының жасы 29-дан аспауы керек;
- Бағдарламаға қатысушының атына тіркелген жеке баспанасының болмауы қажет;
- Жұмыс өтілі кемінде 6 айды құрауы шарт;
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотында кемінде 350 000 теңге көлемінде жинақталған қаражаттың болуы міндетті.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру