Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Moody's Investors Service агенттігі «Отбасы банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» деңгейіне дейін көтерді

Moody's Investors Service агенттігі «Отбасы банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» деңгейіне дейін көтерді

20 тамыз 2021

Баспасөз мәлімдемесі

2021 жылдың 17 тамызында Moody’s Investors Service агенттігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк «Отбасы банк»» АҚ (әрі қарай - Банк) ұлттық валютадағы депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингін «Bаа3» деңгейінен «Bаа2» деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты». Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг P2, несие беру қабілеттілігінің негізгі бағасы Ва2 расталды (BCA).

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «Отбасы банк» АҚ Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің арасында жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдарының көлемі бойынша 34% үлесімен бірінші орында. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың саны 1 миллион 927 мың адамға немесе экономикалық белсенді халықтың 21%-на тең. Банктің активтері 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 2,3 триллион теңгені құрайды.

Осы шешімге ықпал еткен негізгі факторлардың ішінде Moody’s, ұлттық даму институты жаңа мәртебесіне байланысты Банктің жүйелік маңыздылығының өсуін, ипотекалық несиелендірудің жергілікті сегментінде үлесі 52% болатын нарықтық позициясының күшеюін, сонымен қатар Үкіметтің Банк салымшыларын қолдау мүмкіндігінің артуын айтқан.

Отбасы банкінің несиелік портфелі 01.07.2021 жылғы жағдай бойынша 1 трлн 573 млрд теңгені, ал депозиттік портфелі 1 трлн 192 млрд теңгені құрады.

«Moody’s Investors Service агенттігінің мәліметтері Отбасы банкінің тұрақтылығын анық көрсетеді. Біздің Банк екінші деңгейлі банктердің арасында қайтарымсыз несиелердің (NPL) ең төменгі деңгейіне ие. Осылайша, маусым айының соңында несие портфелінде төлем мерзімі 90 күннен асатын мерзімі өткен несиелердің көлемі 0,10 пайызды құрады, бұл көрсеткіштің нарықтағы орташа деңгейі 4,77 пайызға тең. Банктің меншікті капиталы мен өтімділік резервінің жеткіліктілігі Ұлттық банктің стандарттарынан едәуір асып түседі. Жалпы алғанда, біз тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құрдық деп айта аламыз» - дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру