Бүгін кейбір қазақстандықтардың электрондық пошталарына Отбасы банк пен ҚР Қаржы министрлігі бірлесіп «Менің отбасым» атты жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосып жатқаны туралы хабарламалар келіп түскен. Хабарламада бағдарлама мемлекеттік қызметкерлерге арналған деп жазылған.
Жалған хабарлама [email protected] электрондық поштасынан таратылған. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қазақстандықтарға аты-жөнін, ЖСН, жұмыс тәжірибесін және жеке поштасын жазып, сауалнама толтыру ұсынылған.
«Отбасы Банк» АҚ бұл хабарламаға ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Менің отбасым» ипотекалық несиелеу бағдарламасының іске қосылуы – жалған ақпарат. Оны алаяқтар таратуы мүмкін.
Отбасы банкінен хаттар ресми домендік атауы hcsbk.kz болып табылатын серверден ғана жіберілуі мүмкін. Алаяқтар жалған хабарландыруды тарату үшін банктің электрондық мекенжайының әріптерін әдейі орындарымен ауыстырып, ұқсас электрондық пошта ашып, сол арқылы өз айласын асырмақ болған.
Отбаса Банк ұжымы мұндай ақпаратқа қырағы болып, [email protected] электрондық пошта мекенжайынан келетін хаттарға мән бермеуді және хабарламада көрсетілген сілтемелерді баспауды сұрайды.
Белгілі бір бағдарламаға қатысудан бұрын банк сізден сауалнаманы толтыруды ешқашан талап етпейді.
Өнімдер, қызметтер мен банк бағдарламалары туралы барлық қажетті ақпаратты Отбасы банктің hcsbk.kz ресми сайтынан алуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!