Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Маңғыстау облысының тұрғындары enpf-otbasy.kz платформасы арқылы зейнетақы жинақтарының артылған бөлігін алу бойынша рекорд орнатты

Маңғыстау облысының тұрғындары enpf-otbasy.kz платформасы арқылы зейнетақы жинақтарының артылған бөлігін алу бойынша рекорд орнатты

13 қыркүйек 2021

Баспасөз-мәлімдемесі

Маңғыстау өңірінің халқы жалпы көлемі 333,7 млрд теңге сомасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланып, бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан (228,1 млрд теңге) мен Алматыны (255,6 млрд теңге) басып озған. 

Нәтижесінде 38 434 маңғыстаулық баспана мәселесін шешкен. Олардың дені ипотекасыз тұрғын үй сатып алған.  Сондай-ақ, несие бойынша қарыздарын өтеп, Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) және өзге де екінші деңгейлі банктерден несие алу үшін алғашқы жарна түрінде пайдаланған. 

Бұл жөнінде Ақтау қаласындағы жаңа филиалдың ашылу салтанатына қатысқан Отбасы банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Отбасы банкіндегі шотқа аударуға рұқсат беруді тапсырды. Бұл механизмді жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Қазақстандықтар оны асыға күтуде. Ал біз өз тарапымыздан, оның ішінде Ақтаулық филиал арқылы да, ең жоғары сапалы қызмет көрсетіп, қолдау жасауға даярмыз. Аталмыш аймақта күн сайын 100-ге тарта адам банктің жаңа салымшысы атанады. Жалпы Маңғыстау облысының 84 мың тұрғыны болашақ баспаналарына қаражат жинау үстінде және бұл сан күн сайын өсуде », - деді Ләззат Ибрагимова.

Бүгінде Маңғыстау облысы тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсаттарына берілетін БЗТ-ін қолдану бойынша ғана көшбасшы емес, сондай-ақ бұл жер - Отбасы банк корпоративтік өнім бағдарламасын жүзеге асыра бастаған алғашқы аймақ. Банктің серіктестері - «Қаражанбасмұнай» АҚ және Ақтау қаласының химия-биологиялық бағыттағы НЗМ-нің 110 қызметкеріне жеңілдетілген шарттармен несие беру мүмкіндігі туды. 

«Корпоративтік өнім» — жылдық 5% мөлшерлемесімен, алғашқы жарнасы 0% тең келетін алдын ала заем алуға мүмкіндік береді. Ал жеке несиелендіру кезінде дәл осындай алдын ала займдарды Отбасы банк алғашқы жарнасы тұрғын үй құнының кемінде 20% болған жағдайда 7% мөлшерлемесімен береді. 

Жалпы биылғы жылы Отбасы банк Маңғыстау облысында 2150 заем берді.  Олардың ішінде мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және толық емес 148 отбасы Отбасы банкінің көмегімен қоныс тойын тойлады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру