Құрметті клиенттер! | Жаңартылған Otbasy Bank мобильді қосымшасында енді «Келешек» жүйесіне қатысу үшін Aqyl депозиті бойынша қосымша келісімге қол қоюға болады. Қосымша келісімге, ең алдымен, Aqyl депозиті бар, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған балалардың ата-аналары қол қоюы керек.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

30 мамыр 2025

Жаңартылған Otbasy Bank мобильді қосымшасында енді «Келешек» жүйесіне қатысу үшін Aqyl депозиті бойынша қосымша келісімге қол қоюға болады.

Қосымша келісімге, ең алдымен, Aqyl депозиті бар, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған балалардың ата-аналары қол қоюы керек.

Қосымша келісімге 2025 жылдың 30 маусымына дейін қол қою қажет.

Сонда бастапқы білім беру капиталы қолданыстағы депозитке есептеледі. Ақша 2025 жылдың 31 тамызына дейін түседі.

«AQYL» депозиті бойынша қосымша келісімге Otbasy Bank мобильді қосымшасы арқылы қалай қол қоюға болады.

Маңызды: Мемлекеттік бастапқы білім беру капиталын алу үшін қосымша келісімге қол қою қажет:

1. Otbasy Bank мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіңіз.

2. «Менің банкім» бөліміне өтіңіз.

3. Бөлімге кірген кезде қосымша келісімге қол қою туралы терезе пайда болады.

4. Келісімнің мәтінімен мұқият танысып, «Қол қою» батырмасын басыңыз.

5. Сіздің нөміріңізге SMS арқылы растау коды келеді.

6. Кодты енгізіп, «Жіберу» батырмасын басыңыз.

7. Дайын! Сіз қосымша келісімге сәтті қол қойдыңыз.

Маңызды: Otbasy Bank мобильді қосымшасын Play Market және App Store дүкендерінде жаңарту қажет.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру