Құрметті клиент! | Тұрғын үй төлемдерін тұрғын үйді жалға беруге және басқа екінші деңгейдегі банктердегі ипотекалық қарыздарды өтеуге аудару операциялары бойынша процестің оңтайландырылуына байланысты, 01.10.2025 жылдан бастап бұл операциялар мобильді қосымшада қолжетімсіз болады.

Құрметті клиент!

18 қыркүйек 2025

Тұрғын үй төлемдерін тұрғын үйді жалға беруге және басқа екінші деңгейдегі банктердегі ипотекалық қарыздарды өтеуге аудару операциялары бойынша процестің оңтайландырылуына байланысты, 01.10.2025 жылдан бастап бұл операциялар мобильді қосымшада қолжетімсіз болады.

Бұл операцияларды 01.10.2025 жылдан бастап Банк бөлімшелерінде және Баспана маркет (otbasybank.kz) порталындағы жеке кабинет арқылы тиісті құжаттар топтамасын ұсына отырып, жасай аласыз.
Бұл операциялар тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қолжетімді болады.

Баспана Маркет (otbasybank.kz) порталындағы жеке кабинетте операциялар жүргізу кезінде деректерді өңдеу мерзімі 3 жұмыс күнін құрайтынын қосымша хабарлаймыз.

Мерзімі өткен берешектің пайда болуына жол бермеу мақсатында, көрсетілген өңдеу мерзімін ескере отырып, операцияларды алдын ала жүзеге асыруды сұраймыз.

Тұрғын үйді жалға алу үшін қажетті құжаттар:

  • Жалға берушінің деректемелері көрсетілген жалдау шарты;

ЕДБ-дегі ипотекалық қарызды өтеу үшін қажетті құжаттар:

  • жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты (қарыз шартында/несие шартында жылжымайтын мүлік иесі туралы мәліметтер болмаған кезде ұсынылады);
  • банктік қарыз шартының / Қаржы ұйымымен қарыз шартының түпнұсқасы;
  • қарыз бойынша төлемдер кестесі;
  • ЕДБ/ Қаржы ұйымының немесе өзге қарыз берушінің (заңды тұлғаның) Қарыз алушының берешегінің болуы мен жай-күйі туралы анықтамасы. Анықтаманың жарамдылық мерзімі – 10 жұмыс күні.

* Банктік қарыз шартында алушы Банктің деректемелері болуы тиіс.

Алынған ипотекалық қарызды ортақ бірлескен меншікке пайдалану есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікті ресімдеу шартымен тұрғын үй төлемдерін алушының ерінің (зайыбының) атына берілген ипотекалық қарызды өтеуге болады. Тұрғын үй төлемдерін (ТТ) алушы, осындай жағдайда, тұрғын үй иесі ретінде тұрғын үй төлемдерін алушы көрсетілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның жеке тұлғалар үшін техникалық сипаттамалары туралы қосымша анықтаманы (2 - нысан) және неке қию туралы куәлікті ұсынады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру