Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Хабарландыру

29 мая 2024

Құрметті клиенттер, соңғы уақытта ипотекалық заем алуға ниет білдірген адамдарға қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар сізді алдап сыйақы үшін ипотекалық қарызды ресімдеуге көмек көрсетуді ұсынып, өз сөздерін растау үшін банк қызметкерлерінің жалған қолы қойылған, қолдан жасалған төлем қабілеттілігінен өту туралы өтірік құжаттар ұсынады. Сізден қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды және күмәнді адамдарға өзіңіз туралы ешқандай ақпарат бермеуіңізді сұраймыз. Алаяқтардың арбауына түспеңіздер!

Естеріңізде болсын – қарыз алу кезінде сізге делдалдардың көмегі қажет емес. Несие берудің барлық бизнес-процестері автоматтандырылған. Үшінші тараптар арқылы мақұлдау немесе ақша алу МҮМКІН ЕМЕС!

Төлем қабілеттілігін растау, басқаша айтқанда, клиенттің кірісін, несие тарихын, шығыс бөлігін тексеру бірнеше арналар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Банк бөлімшесінде;

2. Банк кеңесшілерінде, оның ішінде кеңес беру орталықтарында не кеңесшілердің өздері сізге келіп, көшпелі қызмет көрсетуі арқылы;

3. Банктің байланыс орталығындағы операторының көмегімен бейнеқоңырау арқылы.

Жоғарыда көрсетілген барлық нұсқалар кезінде төлем қабілеттілігін растауды клиент ДЕРБЕС жүргізеді, клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты (түпнұсқа немесе цифрлық құжат) ұсыну жолымен клиентті сәйкестендіру міндетті. Сондай-ақ, сенімхат негізінде клиенттің сенімді тұлғасы төлем қабілеттілігін растай алады.

Банк өнімдерінің шарттары бойынша кеңес беру және төлем қабілеттілігін растауды банк ТЕГІН жүргізеді.

Банк комиссиясын көздейтін операциялар тізімі сайтта "Банктің тарифтері (қарыз беруді ұйымдастыру, аударымдар және т.б.)" бөлімінде көрсетілген.

Банк уәкілеттік бермеген үшінші тұлғалардың төлем қабілеттілігін растауды жүргізбейді. Төлем қабілеттілігін растау және оның нәтижелері бойынша хабарлама банк клиенттеріне қызмет көрсетуге банктен тиісті сенімхаты жоқ, оның ішінде: консалтингтік, риэлторлық қызметтер көрсететін ұйымдардың өкілдеріне берілмейді.

Сондай-ақ, барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысу көптеген факторларды ескере отырып, ТЕК КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ жүргізілетінін еске саламыз. Бағдарламаларға қатысу үшін: тұрғын үйге кезекке қойылған күндер, санаттар (мысалы, жетім балалар, көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар және т. б.), депозиттегі жинақ сомасы және т.б. ескеріледі.

Сондықтан, егер сізге бағдарламаның барлық шарттарын айналып өтіп, тиімді шарттармен ипотеканы заңсыз рәсімдеу ұсынылса, алаяқтардың алдауына түспеңіз!

Ешбір жағдайда дербес деректеріңізді, баламалы кодты, ЭЦҚ кілтінің және жеке кабинеттің құпия сөздерін үшінші тұлғаларға бермеңіз. Тек сақтық пен жеке жауапкершілік алаяқтардан қорғануға көмектеседі.

Бүгінгі таңда Отбасы банкінде 20 өңірлік филиал, 20 орталық және 2 қызмет көрсету нүктесі бар. Сонымен қатар, банкте шамамен 148 кеңес беру орталығы бар, онда 1300-ге жуық кеңесші жұмыс істейді. Консультанттардың тізімдері банктің ресми сайтында орналастырылған https://hcsbk.kz/network-agents/.Кеңесшілердің көмегімен клиенттер банктің өнімдері мен қызметтері бойынша консультациялық қызметтер ала алады, депозиттер аша алады, төлем қабілеттілігін тексере алады және заем бойынша алдын ала мақұлдау ала алады. Бұл ретте банк консультанты өз қызметтері үшін ешқашан ақша алмайтынын есте ұстаған жөн. Банк клиенттері үшін бұл қызметтер тегін.

Біздің консультанттар сізге депозит ашу рәсімі туралы барлық ақпаратты айтып береді, кредиттік өтінім беру процесінде сүйемелдеп, заем мақұлданғанға дейін өз көмектерін көрсетеді.

Сондай-ақ, кеңес алу үшін банктің байланыс орталығына хабарласа аласыз:

- 300, 8 800 080 18 80 нөмірлеріне қоңырау шалу немесе банктің сайтында hcsbk.kz кері қоңырау шалуға өтінім қалдыру арқылы. Байланыс орталығының жұмыс режимі: Дс-Жм 9.00-ден 20.00-ге дейін, Сенбі 9.00-ден 18.00-ге дейін.

- Банктің WhatsApp телефон нөмірі бойынша жазыңыз +7 705 925 1301, Telegram-да "Отбасы Банк" арнасына. Жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 20:00-ге дейін, Сенбі 9:00-ден 15:00-ге дейін үзіліссіз.

Естеріңізде болсын, несиелік қатынастарға тек екі тарап қатысады – қарыз алушы мен банк. Күмәнді "көмекшілерге" жүгіну арқылы сіз уақытыңызды ғана емес, ақшаңызды да жоғалтасыз.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, онда дереу тұрғылықты жеріңіздегі құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз керек.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру