Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Көкшетауда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары пәтер кілтіне ие болды

Көкшетауда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары пәтер кілтіне ие болды

11 августа 2017
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары Көкшетауда бүгін пәтер кілтін алды. Жаңа 9 қабатты 90 пәтерлі үй осы жандар үшін арнайы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Бәйтерек Девелопмент» бағыты бойынша салынған. Нысан қаладан шыға берістегі «Юбилейный» ықшам ауданында орналасқан. Ғимарат солтүстік өңір үшін үлкен маңызға ие арнайы жылыту жүйесі бар үшқабатты темірбетон панельдерден тұрады.



1 шаршы метрінің бағасы 151 634 теңгені құрайды. Үй сатып алу үшін банк салымшыларына шоттарына пәтер құнының 30%-на тең минимал алғашқы жарна жинау жеткілікті еді.
- Пәтер кілтіне ие болған салымшылардың көпшілігі қажет соманы жинап үлгерді, кейбірі тіпті үй құнының 50%-нан көп қаражаттың басын құрай алды. Бұл олардың жылдық мөлшерлемесі 3,5%-5% аралығындағы заемдарға үміткер бола алатынын білдіреді. Аталған бағыт бойына үй сатып алушылар пулына барлық азаматтар, тіпті меншігінде жылжымайтын мүлігі бар адамдар да қатыса алды», - деп түсіндіреді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржан Әлібеков.
Жаңа пәтерге ие болғандардың арасында 28 жастағы Мадиар Каконов та бар. Бір бөлмелі үй бағасының жартысына тең соманы ол 4 жыл бойы жинапты. Алғашқы жұмыс орнына электромонтер болып қызметке кірген соң-ақ Мадиар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашқан. Алғашында ай сайын депозитке 20 000-30 000 теңгеден ғана аударып отырған, кейінірек бұл сома өсе түсіпті.
- 2016 жылы мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің пулдарына қатыса бастадым. Бастапқыда дұрыс нәтиже болмады, біресе балым жетпеді, енді бірде жинаған қаражатым жеткіліксіз болып жатты. Осы жылы жолым ашылып, тізім бойынша үшінші болып тұрғын үй сатып алушылар пулына кірдім. Несиені алты жылға аламын, шамамен 42 000 теңгеден төлеп тұрамын. Бұл екінші деңгейлі банктен ипотека алғанмен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Несиемді мерзімінен бұрын жауып тастауды жоспарлап отырмын», - дейді банк салымшысы Мадиар Каконов.
Соңғы үш жыл ішінде Ақмола облысында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы үй сатып алуға өз бетімше ақша жинаймын деп ниет білдірген жандардың қатары екі есе өскен. Қазіргі уақытта аймақта 27 мыңнан астам адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашты. Банктің көмегімен 3 275 облыс тұрғыны тұрғын үй жағдайын жақсарта алды.
Жыл соңына дейін тағы 400 адам жаңа пәтердің иесі атана алады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру