Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Fitch Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

Fitch Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

27 апреля 2018
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі 2018 жылдың 23 сәуірінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) эмитенті дефолтының ұзақмерзімді рейтингтерін «BBB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

- Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық несиелендіру нарығы көшбасшыларының бірі болып отыр, мәселен, 2017 жылы банк елдегі ресімделген барлық ипотеканың төрттен үш бөлігін берген. Қазіргі рейтинг пен оның расталуы банктің басқару қызметінің және бизнес-стратегиясының тұрақты, сенімді, тиімді, ал несие қабілеттілігінің жақсы деңгейде екенін, несие қатерлерінің төмендігін көрсетеді, - деп атап өтті «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұзақмерзімді рейтингінің расталуы мемлекеттің қажет болған жағдайда қолдау білдіруге дайын екендігі туралы агенттік пікірін білдіреді, себебі Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыруда ғана емес, жалпы қазақстандық ипотекалық нарықта маңызды рөл атқарып отыр.

Fitch Ratings деректеріне қарағанда, ортамерзімді перспективада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мұндай қолдауды қажет ете қоймайды, себебі банктің несие қоржыны тұрақты, ал өтеу мерзімі кешіктірілген несиелер көрсеткіші (NPL) бар болғаны 0,3% деңгейінде. Ал бұл көрсеткіш барлық қазақстандық банктер арасында орта есеппен 10%-ға тең. Сонымен қатар агенттік банкте жақсы капитал қоры (Fitch әдістемесі бойынша 2017 жылдың соңында негізгі капитал 57%-ды құрайды) және жайлы өтімділік қоры (2017 жылдың соңында барлық активтердегі үлесі 38%-ға тең) бар екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 миллионнан астам салымшысы бар. Осы жылдың алғашқы үш айының ішінде ғана 60 мыңдай адам тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысы атанған. 7 000 қазақстандық 2018 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында заем ресімдеген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру