Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Баспасөз-релизі: Алматы қаласындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімінің клиенттері бір айдың ішінде өз салымдарын бір миллиард теңгеге толықтырды

Баспасөз-релизі: Алматы қаласындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімінің клиенттері бір айдың ішінде өз салымдарын бір миллиард теңгеге толықтырды

11 июля 2017

Баспасөз хабарламасы
Алматы                                                                                                                                    11.07.2017

Алматы қаласындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімінің клиенттері бір айдың ішінде өз салымдарын бір миллиард теңгеге толықтырды

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Алматыдағы филиалының №1 Қызмет көрсету орталығы бір ай ішінде 1 млрд. теңге көлемінде заем берді. Ағымдағы жылдың маусым айында 840 адам өз депорзиттерін 1 млрд. теңгеден астам сомаға толықтырып, жаңа салымдар ашты. Алматы қаласы бойынша жалпы депозиттік қоржын алдыңғы ай үшін 3,3 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова жаңа мекенжай бойынша №1 Қызмет көрсету орталығының ашылуында айтты.

- Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін және клиенттерге банк бөлімшелері жақын болсын деп қаланың орталығы – Республика алаңында ашылдық. Бұл жағдай Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 14 жылға толғанымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы 14 жыл ішінде өз баспаналарын сатып алу ұшін 140 000-нан астам адамға несие берілді. Көрсетілген қолдаудың ауқымдылығын Қазақстанның Көкшетау немесе Талдықорған қалаларының халқымен банк клиенттерінің санын салыстыра отырып, бағалауға болады- деді Ляззат Ибрагимова.

Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде алынған несие еліміздегі ипотека нарығының жалпы көлемінің 75,7% құрады. Сондай-ақ, банк басқа ЕДБ арасындағы кредиттік қоржынның ең жоғарғы сапасын иемденіп отыр. NPL деңгейі 0,49%-ды құрады (90 күннен астам төлем мерзімін өткізіп алған кредиттер) .

2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тарихында бірінші рет депозит ашу үшін комиссия алынып тасталды. Нәтижесінде бұл жағдай жаңа шарттар көлемінің айтарлықтай өсуіне әкелді. Қазір банкте 965 100 шот ашылған, ал жыл басынан бері 201 581 жаңа депозит ашылды. Қазақстандықтардың ішінде алматылықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тұрғын үй алуға аса белсенділік танытуда. Алматы қаласы бойынша 71,7 млрд. теңге сомасын құрайтын қолданыстағы барлығы 132 000 депозит бар. Сонымен қатар, 19 000 қалалық тұрғын ҚТҚЖБ арқылы баспаларын алып та үлгерді.

Өңірлерді 2020 ж. дейінгі дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында, Алматыда 5 153 пәтер салынып, пайдалануға берілді. Осы жылы банктің Алматыдағы филиалы ипотекалық құрылыс қалалық бағдарламасы аясында 1 ш.м. бағасы 120 000 теңгені құрайтын 614 пәтерге заем берді. Жергілікті әкімдік желісі бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қосымша 650 пәтерлік 17 тұрғын үй және "Бәйтерек девелопмент" желісі бойынша 1 134 пәтерге арналған 18 үй тұрғызылатын болады. Бұл үйлер ағымдағы жылдың күзінде пайдалануға беріледі.



Наурызбай ауданы Шұғыла ықшауауданындағы 7 үйге «Өз үйім» бағдарламасы бойынша дауыс беру жүргізілді. 496 пәтер 2017 жылғы тамыз айында халыққа өткізіледі деп күтілуде.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2003 жылы құрылған. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз банк. ТҚЖ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға қолжетімді тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

Мемлекет халықтың салымдарына сыйлықақы төлей отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қаржылық қолдауды қамтамасыз етіп отыр. Мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы ынталандырылатын салым сомасының 20% көлемінде белгіленген (бірақ 200 АЕК-тен артық емес).
ҚТҚЖБ 2005 жылы алғашқы аралық заемын берген. Дәл осы жылы банк мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатыса бастады, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді іске қосу бойынша жекеменшік құрылыс салушылармен ынтымақтастық жасай бастады.

2006 жылы Банк шығынсыз деңгейге жетіп, алғашқы тұрғын үй заемын берді.

2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, банк жұмысын бастағалы бері 4 024 797 млн. теңге көлеміндегі 1 376 822 ТҚЖ шарты жасалды. Сомасы 724 915 млн. теңгені құрайтын 146 975 заем берілді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмысын бастағалы бері үнемі өз қызметінің сапасын жетілдіріп келеді. Жинақ мерзімі бойынша банктің депозиттік бағдарламалары 3 жылдан 15 жылға дейін, ал тұрғын үй заемын беру мерзімі – 6 жылдан 25 жылға дейін өзгеріп отырады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде тұрғын үй заемдары бойынша ең төменгі мөлшерлеме - 3,5% бастап 5% дейін. ҚТҚЖБ-ның барлық тарифтік бағдарламалары – табысы аз адамдардың тұрғын үй алуына мақсатталған.

Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі екінші деңгейлі банктер арасында халықаралық агенттіктер берген жоғары кредиттік рейтингке ие: Moody's Investors Service – «Baa3», Fitch Ratings – «ВВВ-».

***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушы жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі
+7 (727) 279 35 11 (і\н. 00526), 8 707 7 33 22 92, [email protected]
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру